Қазақстан Республикасындағы емдеу – алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының XХI сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы N 266 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 қаңтарда N 1875 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 35 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы емдеу – алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру (бару және қайту) құқығы берілсін.

      2. Дәрігерлік – кеңес комиссиясының анықтамасында ілесіп жүру жөніндегі ұсынысы қолда бар болғанда, жолақы құнының 100 пайыз көлемінде науқаспен ілесіп жүретін бір тұлғаға жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру (бару және қайту) құқығы берілсін.

      3. Емделуге жіберілетін науқастар мен оларға ілесуші тұлғалардың жол жүру ақысы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының берілетін жолдамасы негізінде, теміржол транспортымен жүргені үшін - плацкарт вагон тарифі бойынша (жедел "Тұлпардан" басқа), қалааралық автокөлік транспортымен болса - нақтылы жолақы құны бойынша төленсін.

      4. Шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Нұралин

Облыстық мәслихаттың хатшысы

Б. Жұмабеков


О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам Карагандинской области, направленным на лечение в лечебно–профилактические и другие учреждения здравоохранения по Республике Казахстан

Решение XХI сессии Карагандинского областного маслихата от 12 декабря 2009 года N 266. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 января 2010 года N 1875. Утратило силу решением Карагандинского областного маслихата от 25 февраля 2021 года № 35

      Сноска. Утратило силу решением Карагандинского областного маслихата от 25.02.2021 № 35 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 9 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", руководствуясь Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить право бесплатного или льготного проезда (туда и обратно) из средств местного бюджета гражданам Карагандинской области по Республике Казахстан, направленным на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      2. Предоставить право бесплатного или льготного проезда (туда и обратно) из средств местного бюджета одному лицу, сопровождающему больного в размере 100 процентов от стоимости проезда при наличии рекомендаций по сопровождению в справке врачебно-консультационной комиссии.

      3. Оплату стоимости проезда больного и лица сопровождающего на лечение, производить на основании направления, выдаваемого управлением здравоохранения Карагандинской области, на железнодорожном транспорте - по тарифу плацкартного вагона (кроме скорого "Тұлпар"), на междугородном автомобильном транспорте - по фактической стоимости проезда.

      4. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Карагандинского областного маслихата по социально-культурному развитию и социальной защите населения (Адекенов С.М.).

      5. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

А. Нуралин

Секретарь областного маслихата

Б. Жумабеков