Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 35 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы емдеу – алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру (бару және қайту) құқығы берілсін.
2. Дәрігерлік – кеңес комиссиясының анықтамасында ілесіп жүру жөніндегі ұсынысы қолда бар болғанда, жолақы құнының 100 пайыз көлемінде науқаспен ілесіп жүретін бір тұлғаға жергілікті бюджеттің есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру (бару және қайту) құқығы берілсін.
3. Емделуге жіберілетін науқастар мен оларға ілесуші тұлғалардың жол жүру ақысы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының берілетін жолдамасы негізінде, теміржол транспортымен жүргені үшін - плацкарт вагон тарифі бойынша (жедел "Тұлпардан" басқа), қалааралық автокөлік транспортымен болса - нақтылы жолақы құны бойынша төленсін.
4. Шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.М. Әдекенов).
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Нұралин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Жұмабеков |