Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 35 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 6216 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру (бару және кері қайту) берілсін.

      2. Дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасында ілесіп жүру жөніндегі ұсынысы қолда бар болғанда, жолақы құнының 100 пайыз көлемінде науқаспен ілесіп жүретін бір тұлғаға жергілікті бюджеттің есебінен тегін жол жүру (бару және кері қайту) берілсін.

      3. Науқастың және ілесіп жүретін тұлғаның емделуге жол жүру құнын төлеу Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы беретін жолдаманың негізінде, темір жол көлігінде - плацкарт вагонының тарифі бойынша, қалааралық автомобиль көлігінде - жол жүрудің нақты құны бойынша жүргізілсін.

      4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 266 "Қазақстан Республикасындағы емдеу – алдын алу және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде емделу үшін Қарағанды облысының азаматтарына тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1875 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 5 (20868) "Индустриальная Караганда" және 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 5-6 (20791) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Магзумов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады