Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармақшасына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысы сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру 2009 жылғы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша және 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша көзделген Қарағанды қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
4) жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қарағанды қаласы әкімінің
міндетін атқарушы В. Иванов