2009 жылға арналған Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 24/02 қаулысы. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 маусымда N 8-1-95 тіркелді. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 3-4/1329 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармақшасына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысы сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):
      1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
      2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
      3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру 2009 жылғы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша және 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша көзделген Қарағанды қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
      4) жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қарағанды қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          В. Иванов

Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Караганды на 2009 год

Постановление акимата города Караганды Карагандинской области от 28 мая 2009 года N 24/02. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 15 июня 2009 года N 8-1-95. Утратило силу в связи с истечением срока, на которое было принято постановление (письмо заместителя акима города Караганды от 28 апреля 2011 года N 3-4/1329)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока, на которое было принято постановление (письмо заместителя акима города Караганды от 28.04.2011 N 3-4/1329).

      В соответствии с подпунктом 6 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктом 13 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года N 264 "О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию" в целях расширения возможностей трудоустройства безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования и приобретения ими практического опыта, знаний и навыков акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Уполномоченному органу – государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Караганды" (далее – отдел занятости):
      1) организовать работу по проведению Молодежной практики среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в отделе занятости, окончившей учебные заведения среднего и высшего профессионального образования по профессии, оказать содействие в трудоустройстве и повышению конкурентоспособности на рынке труда;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным – выпускникам профессиональных учебных заведений в рамках Молодежной практики договор на организацию профессиональной последипломной практики для безработной молодежи;
      3) финансирование мероприятий по проведению Молодежной практики производить в пределах целевых трансфертов, предусмотренных в областном бюджете по бюджетной программе 027 "Целевые текущие трансферты бюджетам районов (городов областного значения) на расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики" на 2009 финансовый год, а также за счет средств бюджета города Караганды, предусмотренных по программе 002 "Программа занятости" подпрограммы 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения";
      4) определить оплату труда участников Молодежной практики в размере 15000 тенге.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Искакова Жаната Маратовича.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Караганды                     В. Иванов