Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағы және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
2) қырық бес жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (12 айдан артық);
4) орта-кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ж.М. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдесінен пайда болған қатынастарға таратылады.
Қала әкімі | И. Тоғайбаев |