Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 05 тамыздағы N 36/01 қаулысы. Қарағанды облысы Карағанды қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 8-1-97 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі N 30/71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 22.07.2016 N 30/71 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағы және "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      2) қырық бес жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (12 айдан артық);
      4) орта-кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ж.М. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдесінен пайда болған қатынастарға таратылады.

Қала әкімі
И. Тоғайбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады