Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.12.22 N 19/224 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары белгіленсін.
2. "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/119 (2009 жылдың 8 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-73 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 10 қаңтарында "Сарыарқа" газетінің 3 (7496) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Сессия төрағасы Н. Дүйсембеков
Қалалық Мәслихаттың
хатшысы Қ. Әбдіров
Келісілді:
Жезқазған қаласы Батырлан
бойынша салық Дүйсенбайұлы
басқармасының бастығы Ахметов
14 сәуір 2009 жыл
Қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 14 сәуірдегі N 13/157 шешіміне
қосымша
Жезқазған қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары
Рет N |
Төлемақы ставкасы (бір жағы үшін) (АЕК) |
|
1 |
Жылжымайтын объектілерде: |
|
1.1. |
алаңы 2 шаршы метрге дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар |
1 |
1.2. |
лайтбокстер (сити форматтағы) |
2 |
1.3. |
алаңы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық |
|
1.3.1 |
2-ден 5 шаршы метрге дейін |
3 |
1.3.2 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
5 |
1.3.3 |
10-нан 20 шаршы метрге дейін |
10 |
1.3.4 |
20-дан 30 шаршы метрге дейін |
15 |
1.3.5 |
30-дан 50 шаршы метрге дейін |
20 |
1.3.6 |
50-дан 70 шаршы метрге дейін |
30 |
1.3.7 |
70 шаршы метрден астам |
50 |
1.4. |
Шатырүсті неондық жарнама құрылғылары |
|
1.4.1 |
30 шаршы метрге дейін |
20 |
1.4.2 |
30 шаршы метрден артық |
30 |
1.5. |
Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, |
|
1.5.1 |
5 шаршы метрге дейін |
1 |
1.5.2 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
1 |
1.5.3 |
10 шаршы метрден астам |
2 |
1.6. |
Уақытша тұрпаттағы дүңгіршіктер мен павильондардағы жарнама: |
|
1.6.1 |
2 шаршы метрге дейін |
1 |
1.6.2 |
2-ден 5 шаршы метрге дейін |
1 |
1.6.3 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
2 |
1.6.4 |
10 шаршы метрден астам |
4 |
1.7. |
Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) |
5 |
2. |
Жылжымалы объектілерде: |
|
2.1. |
Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір бірлігі үшін) |
|
2.1.1. |
Автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 |
4 |
2.1.2 |
Шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін) |
2 |
2.2. |
Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы |
|
2.2.1 |
2 шаршы метрге дейін |
2 |
2.2.2 |
5 шаршы метрге дейін |
10 |
2.2.3 |
5-тен 10 шаршы метрге дейін |
25 |
2.2.4 |
10-нан 20 шаршы метрге дейін |
25 |
2.2.5 |
20-дан 40 шаршы метрге дейін |
45 |
2.2.6 |
40 шаршы метрден астам |
40 |