2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 11/119 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 8-2-73 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 13/157 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009.04.14 N 13/157 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары белгіленсін.
      2. "2008 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 3/30 (2008 жылдың 29 қаңтарында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-54 нөмірімен тіркелген және 2008 жылдың 8 ақпанында "Сарыарқа" газетінің 11 (7372) нөмірінде ресми жарияланды), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:
      Жезқазған қаласы
      бойынша салық
      басқармасының бастығы                      Батырлан Д.А.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 11/119 шешіміне қосымша

Жезқазған қаласының аумағында сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары

Р/б N

Мазмұны

Айлық есептік көрсеткішке пайызбен есептегендегі төлемақы ставкасы

1

Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрге дейінгі (үндеулер, А1, А2, А3, А4 шағын көлемдегі плакаттар, афишалар, транспаранттар)

10

2

Сыртқы жарнама объектілері – 2 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршектер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)

90

3

Сыртқы жарнама объектілері – 2,1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршектер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)

200

4

Сыртқы жарнама объектілері – 5,1 шаршы метрден 10 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршектер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)

300

5

Сыртқы жарнама объектілері – 10,1 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған, жарық таблолары)

550

6

Сыртқы жарнама объектілері – 20,1 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған, жарық таблолары)

1200

7

Сыртқы жарнама объектілері – 50,1 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға орнатылған)

1500

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады