Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтарын (жастар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер, тарихи отанына оралғандар, зейнеткерлікке шығуға аз қалған тұлғалар, көп балалы және жалғыз басты ата-аналар) уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындары және жасы 24 (24 жастағыларды қоса есептеп) дейінгі жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтар жұмыссыздарының айлық жалақысы 30000 теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде 15000 теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленсін.
3. Жастар практикасына қабылданған тұлғалардың айлық жалақысы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
4. Жастар практикасына жіберу және әлеуметтік жұмыс орнын ұсыну тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзімге жүргізіледі.
5. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтардың жұмыссыз азаматтары мен оқу орындардың түлектерін қабылдау мен жіберуді жүргізсін;
2) нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
3) жастар практикасынан өтетін азаматтардың жеке шоттарына жалақыны ай сайын аударсын;
4) әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істейтін нысаналы әлеуметтік топтардың азаматтары үшін жұмыс берушілердің жеке шоттарына жалақының 50 пайызын ай сайын аударсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі О. Бітебаев