Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 2/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 08 қазандағы N 40/11 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда N 8-3-87 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 3 қыркүйектегі 20 сессиясының "Теміртау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 14/4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 20/4 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-85 тіркелген, 2009 жылғы 23 қыркүйектегі "Зеркало" газетінің N 38 және 2009 жылғы 24 қыркүйектегі "Теміртау" газетінің N 38 жарияланған) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы "Зеркало" газетінің N 5 және 2009 жылғы 5 ақпандағы "Теміртау" газетінің N 6 жарияланған) N 2/1 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

О внесении дополнений в постановление акимата города Темиртау от 15 января 2009 года N 2/1 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)"

Постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 08 октября 2009 года N 40/11. Зарегистрировано Управлением юстиции города Темиртау Карагандинской области 28 октября 2009 года N 8-3-87. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау Карагандинской области от 25 марта 2010 года N 11/12

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Темиртау от 25.03.2010 N 11/12.

      В целях оказания социальной поддержки граждан, больных туберкулезом, руководствуясь подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение решения 20 сессии Темиртауского городского маслихата от 3 сентября 2009 года N 20/4 "О внесении изменений и дополнений в решение 14 сессии Темиртауского городского маслихата от 25 декабря 2008 года N 14/4 "О городском бюджете на 2009 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8-3-85, опубликовано 23 сентября 2009 года в газете "Зеркало" N 38 и 24 сентября 2009 года в газете "Темиртау" N 38), акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Темиртау "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая)" от 15 января 2009 года N 2/1 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8-3-71, опубликовано 4 февраля 2009 года в газете "Зеркало" N 5 и 5 февраля 2009 года в газете "Темиртау" N 6) следующие дополнения:
      пункт 1 дополнить подпунктом 11) следующего содержания:
      "11) лицам, больным туберкулезом, на период амбулаторного лечения, по справкам государственного учреждения "Противотуберкулезный диспансер города Темиртау".".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Куринную Татьяну Михайловну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Темиртау                       О. Битебаев