Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 2/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 8-3-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 11/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-68 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Теміртау" және 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 2 "Зеркало" газеттерінде жарияланған) N 14/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылы мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақыларды алатын келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
      1) 1, 2, 3-топ мүгедектеріне;
      2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға (егер бала жасөспірім немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайда болса);
      3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерьдің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      4) қоршаудағы кезеңде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген азаматтар мен "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандарға;
      5) қаза тапқан жауынгер-интернационалистер отбасыларына (арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатындарға);
      6) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған), хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне;
      7) 1986 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
      8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға;
      9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен немесе ертеде "Батыр-Ана" атағын алған көпбалалы аналарға;
      10) 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша базалық зейнетақысын қоса есептегенде айына алатын зейнетақысының мөлшері он бес мың бес жүз теңгеден төмен зейнеткерлерге.
      11) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2009.10.08 N 40/11 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. Қалалық қоғамдық көліктерде жүруге көрсетілетін әлеуметтік көмек жеңілдік жүру билеттері түрінде беріледі және қолданылмаған жүру билеттері үшін азаматтарға ақшалай өтемақы беру қарастырылмаған.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Теміртау қаласының әкімі                   О. Бітебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады