Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2010.03.25 N 11/12 қаулысымен.
Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 3 қыркүйектегі 20 сессиясының "Теміртау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы 14 сессиясының "2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 14/4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 20/4 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-85 тіркелген, 2009 жылғы 23 қыркүйектегі "Зеркало" газетінің N 38 және 2009 жылғы 24 қыркүйектегі "Теміртау" газетінің N 38 жарияланған) орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 ақпандағы "Зеркало" газетінің N 5 және 2009 жылғы 5 ақпандағы "Теміртау" газетінің N 6 жарияланған) N 2/1 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) "Теміртау қаласының туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы бойынша амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Теміртау қаласының әкімі О. Бітебаев