Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 05.11.2014 45/01 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес, жоғары оқу орындарының, колледжер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру және біліктілігін тәжірибелі түрде меңгеру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ.Қ. Адамова):
1) "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз есебінде тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын жүргізу жұмыстарын ұйымдастырсын;
2) Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін арналған кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға жұмыс берушілермен келісім жасасын;
3) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақылары бір қатысушыға жиырма алты мың теңге мөлшерінде өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылсын
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010.03.25 N 11/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2011.08.26 N 34/11 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап күшіне енеді) қаулыларымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
Балқаш қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Нысангалиев