Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 25.12.2014 N 4-15/1866 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес, жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру және біліктілігін тәжірибелі түрде меңгеру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 23/16 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі 8-4-146, 2009 жылғы 19 маусымдағы N 72-73 (11430) "Балқаш өңірі", N 71-72 (467) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақылары "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 Қаулысына сәйкес, бір қатысушыға жиырма мың теңге мөлшерінде өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов