Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 03/06 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 05 ақпанда N 8-6-77 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 29/19 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.12.30 N 29/19 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала мекемелеріне меншік түріне қарамастан нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін уақытша әлеуметтік жұмыс орындарын құру ұсынылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған азаматтардың орта айлық төлемінің мөлшері республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010.04.28 N 12/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыс берушілермен тараптардың міндеттерін, жұмыстың түрлерін, көлемін, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімдері мен көздерін белгілей отырып әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
      5. "Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Х. Сәкеев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қала бюджетінде тиісті жылға қарастырылған қаржы шегінде жүргізсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 03/06 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін уақытша жұмыс орындарын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орыны) құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеудің негізгі талаптарын айқындайды.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс беруші "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын құру және олардың саны жөніндегі ұсыныстары туралы өтінім береді.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуде Уәкілетті орган мына талаптарды есепке алады:
      1) кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі;
      2) жұмысшыларға еңбекақысының уақытылы төленуі;
      3) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі нормаларының сақталуы;
      4) әлеуметтік жұмыс орнын құру туралы шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынылу мүмкіндігі.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеуді уәкілетті орган жұмыссыздарға ең жоғары еңбекақы, қолайлы еңбек жағдайларын және әлеуметтік кепілдіктер ұсынған жұмыс берушіні анықтау мақсатында конкурстық негізде өткізеді.
      Сонымен қатар жұмысқа жіберілетін жұмыссыздың біліктілігі мен жеке келісімі ескерілуі тиіс.
      5. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы тиісті шарт жасасады.
      Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімдері мен көздері, жұмысқа жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.

Об организации социальных рабочих мест

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 23 января 2009 года N 03/06. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сатпаев Карагандинской области 05 февраля 2009 года N 8-6-77. Утратило силу - постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 30 декабря 2011 года N 29/19

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 30 декабря 2011 года N 29/19 (вводится в действие со дня его подписания).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения" в целях трудоустройства безработных граждан из целевых групп акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Рекомендовать городским организациям независимо от форм собственности создать временные социальные рабочие места для трудоустройства безработных граждан из целевых групп с частичной компенсацией затрат на оплату их труда.

      2. Утвердить прилагаемый порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест.

      3. Утвердить размер среднемесячных отчислений на оплату труда лиц, занятых на социальных рабочих местах, из республиканского и местного бюджетов в сумме 20 тысяч тенге.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления акимата города Сатпаев Карагандинской области от 28.04.2010 N 12/01 (порядок введения в действие см. в пункте 4).

      4. Уполномочить Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Сатпаев" заключать с работодателями договора о создании социальных рабочих мест с определением обязанностей сторон, вида, объемов работ, размера и условий оплаты труда, сроков и источников их финансирования.

      5. Государственному учреждению "Отдел финансов города Сатпаев" (Сакеев Е.Х.) осуществлять финансирование социальных рабочих мест в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий год.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сатпаев Мадиеву М.С.

      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким

С.Т. Медебаев


  Утвержден постановлением
акимата города Сатпаев
N 03/06 от 23 января 2009 года

Порядок
отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест

      1. Настоящий Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест разработан на основании п.4 ст.18-1 Закона Республики Казахстан "О занятости населения" и определяет основные критерии отбора работодателей, желающих создать и (или) предоставить временные рабочие места для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда (далее - социальные рабочие места).

      2. Работодатель, желающий создать и (или) предоставить социальные рабочие места, подает заявку в Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программа г. Сатпаев" (далее - Уполномоченный орган) с предложением о создании социальных рабочих мест и их количества.

      3. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие критерии:

      1) платежеспособность предприятия;

      2) своевременность выплаты заработной платы работникам;

      3) соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан;

      4) возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора о создании социального рабочего места.

      4. Отбор работодателей, желающих создать и (или) предоставить социальные рабочие места, производится Уполномоченным органом на конкурсной основе с целью определения работодателя, предлагающего более высокую заработную плату безработным, благоприятные условия труда и социальные гарантии.

      При этом следует учитывать квалификацию и личное желание направляемого безработного.

      5. Уполномоченный орган заключает с работодателем соответствующий договор о создании социальных рабочих мест.

      В договоре отражаются обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.