Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 12/01 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда N 8-6-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 ақпандағы N 03/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.02.09 N 03/10 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылдың 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 8-6-77 болып тіркелген және 2009 жылғы 11 ақпандағы "Шарайна" газетінің N 11 (1688) ресми жарияланды), "Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 03/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 11/41 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда N 8-6-82 болып тіркелген және 2009 жылғы 19 маусымда "Шарайна" газетінің N 48 (1725) ресми жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "3. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған азаматтардың орта айлық төлемінің мөлшері республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.".
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады