Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.12.30 N 29/19 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала мекемелеріне меншік түріне қарамастан нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін уақытша әлеуметтік жұмыс орындарын құру ұсынылсын.
2. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған азаматтардың орта айлық төлемінің мөлшері республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 20 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010.04.28 N 12/01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыс берушілермен тараптардың міндеттерін, жұмыстың түрлерін, көлемін, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттарын, қаржыландыру мерзімдері мен көздерін белгілей отырып әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
5. "Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Х. Сәкеев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қала бюджетінде тиісті жылға қарастырылған қаржы шегінде жүргізсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім С.Т. Медебаев
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 03/06 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін уақытша жұмыс орындарын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орыны) құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеудің негізгі талаптарын айқындайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс беруші "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын құру және олардың саны жөніндегі ұсыныстары туралы өтінім береді.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуде Уәкілетті орган мына талаптарды есепке алады:
1) кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі;
2) жұмысшыларға еңбекақысының уақытылы төленуі;
3) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі нормаларының сақталуы;
4) әлеуметтік жұмыс орнын құру туралы шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынылу мүмкіндігі.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және (немесе) беруге тілек білдірген жұмыс берушілерді іріктеуді уәкілетті орган жұмыссыздарға ең жоғары еңбекақы, қолайлы еңбек жағдайларын және әлеуметтік кепілдіктер ұсынған жұмыс берушіні анықтау мақсатында конкурстық негізде өткізеді.
Сонымен қатар жұмысқа жіберілетін жұмыссыздың біліктілігі мен жеке келісімі ескерілуі тиіс.
5. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы тиісті шарт жасасады.
Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімдері мен көздері, жұмысқа жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.