Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 қаңтардағы "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясы құрылсын және оның жеке құрамы (N 1 қосымша) мен қосымша құрамы бекітілсін (N 4 қосымша).
2. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруын қалалық шақыру комиссиясы өткізсін.
3. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы бойынша шақыру учаскесі құрылсын - "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ мекен жайы: Сәтбаев қаласы Гурба көшесі 102 үй (әрі қарай шақыру учаскесі).
4. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның жеке құрамы бекітілсін (әрі қарай шақыру жөніндегі медициналық комиссия), (N 2 қосымша).
5. "Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" ММ-не (Е.Х. Сәкеев), "Жалпы әскери міндеттілік шаралары аясындағы" бағдарламаға сәйкес, жергілікті бюджет қаражатынан азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (N 3 қосымша).
7. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысына (К.Қ. Қабыкенов – келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен орта жалақыларының сақталуын, шақыру учаскесін дәрі-дәрмекпен және қажетті дәрігерлік құралдармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. "Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі" ММ (С.Б. Жаппаров – келісім бойынша):
1) "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, өзара әрекеттесу іс-шаралы ұйымдастырылсын;
2) әскери міндеттілікті орындаудан бас тартқандарды іздестіру мен ұстауды жүзеге асырсын.
9. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Т.Ғ. Қапарова) шақыруды өткізу кезеңінде, шақыру комиссиясы қарамағына қажетті техникалық қызметкерлерді жолдасын.
10. Меншік нысанына қарамастан, өнеркәсіптер, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, шақыру учаскесіне келуге тиісті азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатып, шақыру комиссияна дер кезінде келулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.
11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
12. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
Әкім С.Т. Медебаев
"Келісілген"
"Сәтбаев қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
ММ бастығы
___________А.Д. Грудей
2009 ж. 03.06
"Келісілген"
"Сәтбаев қаласының ішкі
істер бөлімі" ММ бастығы
___________С.Б. Жаппаров
2009 ж. 03.06
"Келісілген"
"Қарағанды облысы денсаулық
сақтау департаменті" ММ Жезқазған
аймақтық өкілдігінің басшысы
___________К.Қ. Қабыкенов
2009 ж. 03.06
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру
жөніндегі қалалық комиссиясының
құрамы
Грудей Александр - "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
Дмитриевич жөніндегі бөлімі" ММ бастығы,
комиссияның төрағасы,
(келісімі бойынша);
Мұханбеталина Сара - "Сәтбаев қаласының ішкі саясат
Тлегенқызы бөлімі" ММ бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Десятова Валентина - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Алексеевна МКҚК медбибісі, комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
Мергенбаев Төлеген - "Сәтбаев қаласының ішкі істер
Мергенбайұлы бөлімі"ММ бастығының орынбасары,
(келісімі бойынша);
Маймақова Кәуя - "Маймақова К.К." жеке кәсіпорнының
Кәкімқызы жүйке ауруларының дәрігері,
медициналық комиссияның төрайымы
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы:
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009.10.29 N 26/20 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Маймақова Кәуя - "Маймақова К.К." жеке кәсіпорнының
Кәкімқызы жүйке аурулары дәрігері,
медициналық комиссияның төрайымы;
Даулетова Бибинор - Сәтбаев қаласының "Стоматология"
Татимбекқызы өндірістік кооперативінің тіс
дәрігері;
Баспаева Нұрсұлу - "Сәтбаев қаласының N 6 отбасылық
Ырзахметқызы дәрігерлік амбулаториясының"
дәрігер-терапевті;
Балтабекова Масура - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Мұқашқызы коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының көз дәрігері;
Бұланбаева Гүлбану - "Сәтбаев қаласының жүйке аурулары
Дәнекейқызы диспансері" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының жүйке
аурулар дәрігері;
Жунусова Гульзада - "Жезқазған қаласының тері және
Каримқызы жұқпалы аурулары диспансері"
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының дәрігері;
Демекбаева Ақкүміс - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Малқаждарқызы коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының құлақ, мұрын және
тамақ ауруларының дәрігері;
Сүлейменова Ақмарал - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Өмірбекқызы коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының дәрігер–оташысы;
Әльменбетова Рая - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының, медбибісі;
Бүстікбаева Күләш - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Қалиқызы коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының, медбибісі;
Бектауова Әсем - "Сәтбаев қаласының N 1 ОҚА"
Сарсенбайқызы коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының, медбике-терапевті.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 3 қосымша
2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Шақыруды өткізу орны |
Комиссияның жұмыс уақыты (уақыт 9.00 ден 18.00-ге дейін) |
||
сәуір |
мамыр |
маусым |
|
Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі |
1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30 |
4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29 |
1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30 |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
|
1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28, 29, 30 |
2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 23, 24, 25, 26, 27, 30 |
1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31 |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 09 маусымдағы
N 13/08 қаулысымен бекітілген
N 4 қосымша
Жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссияның қосымша құрамы
Супонин Владимир - "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
Иванович жөніндегі бөлімі" ММ бастығының
орынбасары, комиссия төрағасы;
Бушманова Ботагөз - "Сәтбаев қаласының ішкі саясат
Әбілқасымқызы бөлімі" ММ бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Жакупова Күлзия - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Сатыбалдықызы МКҚК медбикесі комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
Оразбаев Ерлан - "Сәтбаев қаласының ішкі істер
Қалиұлы бөлімі" ММ бастығының орынбасары;
Сүлейменова Ақмарал - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
Өмірбекқызы МКҚК дәрігер–оташысы.