Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шакыруды өткізу туралы" N 13/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 26/20 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 8-6-90 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 қаңтардағы "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы "1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шакыруды өткізу туралы" N 13/08 қаулысына (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда 8-6-83 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2009 жылғы 19 маусымдағы 48 (1725) нөмірінде ресми жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1) қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамынан Дүйсембаева Рауза Тулегенқызы, Омарбаев Маралбай Нурлыбайұлы шығарылсын;
      2) қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамына енгізілсін:
      Даулетова Бибинор Татимбекқызы – Сәтбаев қаласының "Стоматология" өндірістік кооперативінің тіс дәрігері;
      Демекбаева Ақкүміс Малқаждарқызы – "Сәтбаев қаласының поликлиникасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының құлақ, мұрын және тамақ дәрігері.
      2. Қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамы осы қаулының N 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

      "Келісілген"

      "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" ММ бастығы               А.Д. Грудей

      "Келісілген"

      "Қарағанды облысы денсаулық сақтау
      департаменті" ММ Жезқазған аймақтық
      өкілдігінің басшысы                        К.Қ. Қабыкенов

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 29 қазандағы
N 26/20 қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша

Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы

      Маймақова Кәуя            - "Маймақова К.К." жеке кәсіпорнының
      Кәкімқызы                   жүйке аурулары дәрігері,
                                  медициналық комиссияның төрайымы;

      Даулетова Бибинор         - Сәтбаев қаласының "Стоматология"
      Татимбекқызы                өндірістік кооперативінің тіс
                                  дәрігері;

      Баспаева Нұрсұлу          - "Сәтбаев қаласының N 6 отбасылық
      Ырзахметқызы                дәрігерлік амбулаториясының"
                                  дәрігер-терапевті;

      Балтабекова Масура        - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
      Мұқашқызы                   коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының көз дәрігері;

      Бұланбаева Гүлбану        - "Сәтбаев қаласының жүйке аурулары
      Дәнекейқызы                 диспансері" коммуналдық мемлекеттік
                                  қазыналық кәсіпорынының жүйке
                                  аурулар дәрігері;

      Жунусова Гульзада         - "Жезқазған қаласының тері және
      Каримқызы                   жұқпалы аурулары диспансері"
                                  коммуналдық мемлекеттік
                                  қазыналық кәсіпорынының дәрігері;

      Демекбаева Ақкүміс        - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
      Малқаждарқызы               коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының құлақ, мұрын және
                                  тамақ ауруларының дәрігері;

      Сүлейменова Ақмарал       - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
      Өмірбекқызы                 коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының дәрігер–оташысы;

      Әльменбетова Рая          - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
                                  коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының, медбибісі;

      Бүстікбаева Күләш         - "Сәтбаев қаласының поликлиникасы"
      Қалиқызы                    коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының, медбибісі;

      Бектауова Әсем            - "Сәтбаев қаласының N 1 ОҚА"
      Сарсенбайқызы               коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                  кәсіпорынының, медбике-терапевті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады