Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 620 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 559-29қ қаулысы;
      2) "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 3, 34-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 761 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 404-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Реcпубликасының  
Үкіметінің         
2006 жылғы 30 маусымдағы 
N 623 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi       1-тарау. Негiзгi ережелер

      1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:
      1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
      2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
      3) әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн;
      4) жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн.

2-тарау. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi

      3. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет мәселелерi жөнiндегi заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.

      5. Заңға сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергiліктi атқарушы органның шешiмiмен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары құрылады.

      6. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына мыналар жүктеледi:
      шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
      шақырылушыларды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскер түрлерi мен тектерi бойынша тағайындау туралы шешiм қабылдау;
      Заңның 27, 28-баптарына сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және шақырудан босату.

      7. Бiлiм беру ұйымдарының және меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алады, оларды хабардар етудi ұйымдастырады және шақыру пунктiне уақтылы келулерiн қамтамасыз етедi.
      Мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын шақырылушылар жергiлiктi әскери басқару органдарының шақыруы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан өту үшiн шақыру пунктiне келедi.

      8. Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келiсiмен, шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы болмаған жағдайда Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Шақырылушы шетелге қызметтiк iссапарға шығатын кезде тиiстi мемлекеттiк органның өтiнiшi негiзiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тиiстi анықтама бередi.

      9. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және олардың шақыру пункттерiне келуi туралы хабарлауды жергiлiктi әскери басқару органдарының лауазымды адамдары шақыру қағазбен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолын қоя отырып жүргiзедi.
      Шақыру комиссиясына шақырылатын жылы он сегiз жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру құқығы аяқталған азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан босатылған және шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы бар адамдарды қоспағанда, шақырылушы он сегiз жасқа толысымен жүзеге асырылады.

      10. Шақырылушылардың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына дәлелдi себептерсiз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзiне беру мүмкiн болмаған барлық жағдайларда қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) бастықтары оларды iздестiру және келуiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына хабарлайды. Шақырудан қасақана жалтарып, сондай-ақ азаматтардың шақыру пункттерiне уақтылы келуiне кедергi келтiрген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершiлiкке тарту үшiн тиiстi органдарға тапсырылады.

      11. Мыналар азаматтардың шақыру пункттерiне келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып танылады:
      еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты ауруы (жарақаты);
      басқа адамның көмегiне мұқтаж, толық мемлекеттiк күтiмге алынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi басқа да адамдар болмаған жағдайда шақырылушы адамның тарапынан күтiмдi талап ететiн жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы;
      азаматтың жеке өзiнiң келу мүмкiндiгiнен айырған табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны, өрт және басқалар).
      Келмеу себептерi тиiстi құжаттармен расталуы тиiс.

      12. Шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
      Медициналық куәландыру жабдықталған, осы жұмыс үшiн арнайы бейiмделген шақыру (жиын) пункттерiнде жүргiзiледi.
      Шақыру пунктiндегi медициналық персоналдың жұмысына басшылықты дәрiгер, медициналық комиссияның төрағасы - әскери-дәрiгерлiк сараптама саласында қажеттi бiлiмi мен жұмыс тәжiрибесi бар, неғұрлым бiлiктi дәрiгер-мамандардың қатарынан тағайындалатын шақыру комиссиясының мүшесi жүзеге асырады.

      13. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары шақырылушылар мен әскери оқу орындарына түсетiн азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес шешiм шығарады.

      14. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тиiстi түрi мен тегiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешiм қабылдау кезiнде олардың өндiрiстiк бiлiктiлігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескередi, осыған байланысты, әдетте:
      зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығаруға байланысты ұйымдарда жұмыс iстейтiн шақырылушылар тиiстi әскер түрлерi мен тектерiн жасақтауға жiберiледi;
      режимдi және арнайы бөлiмдердi жасақтау үшiн көрсетiлген командаға алдын ала iрiктелген шақырылушылар жiберiледi;
      әуе-десант әскерлерiн жасақтау үшiн шақырылушыларды бiрiншi кезекте парашютшi спортшылар қатарынан iрiктеу жүзеге асырылады. Шақырылушылардың кемiнде орта бiлiмi, жақсы дене бiтiмi (бойы 170 см-ден кем емес) болуы тиiс.
      Республикалық ұланды жасақтау үшiн дене дайындығы жақсы (бойы 178 см-ден төмен емес), кемiнде орта бiлiмi бар шақырылушыларды басым тәртiппен iрiктеу жүзеге асырылады;
      жоғары бiлiмi бар шақырылушылар оқу бөлiмдерiне олардың бiлiмiне және әскери дайындық бейiнiне ұқсас мамандықтар бойынша жiберiледi;
      заң факультетiн бiтiрген шақырылушылар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiне жiберiледi;
      математика, физика және инженерлiк-экономикалық факультеттердi бiтiрген шақырылушылар радиотехникалық, зениттiк-зымыран бөлiмдерiне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының барлық түрлерiнiң байланыс бөлiмдерiне жiберiледi;
      ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру        бiтiрген шақырылушылар танк, авиация, зениттiк-зымыран бөлiмдерiне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң азаматтық қорғаныс бөлiмдерiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiне жiберiледi;
      сәулет, көркемсурет және кинотехникалық факультеттердi бiтiрген шақырылушылар инженерлiк-саперлiк бөлiмдерге жiберiледi;
      медицина және фармацевтика факультеттерiн бiтiрген шақырылушылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тиiсiнше медицина және фармацевтика қызметтерiне жiберiледi;
      егiз ағайындылар, егер олар мерзiмдi әскери қызметке бiр мезгiлде және бiр шақыру комиссиясымен шақырылса және бiлiмi мен арнайы дайындығы, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң дамуы бойынша және басқа да деректерi жөнiнен бiрдей болса, бiрге бiр әскери бөлiмде қызмет ету үшiн жiберiлуге тиiс.

      15. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Заңның 27-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiмен берiледi.

      16. Отбасы жағдайы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға ұсынылған құжаттар мен олардың отбасы жағдайын тексерудiң негізiнде берiледi және осы мәселенi алғашқы қараған кезде бір рет қабылданады.
      Тексерудi жергiлiктi атқарушы органның, қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң), бiлiм беру ұйымдары мен өзге де мекемелердiң өкiлдерiнен құралған комиссиялар жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi бойынша комиссия осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес шақырылушының отбасы жағдайын тексеру актiсiн жасайды. Аталған акт шақырылушыға мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдыруды ұсыну кезiнде жасалады.
      Кейiннен қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар (бөлiмдер) әрбiр шақыру алдында отбасы жағдайы бойынша шақырудан кейiнге қалдырылған адамдарға тиiстi мекемелер мен ұйымдардан шақырылушының отбасы жағдайы деректердi растайтын анықтама сұратады. Көрсетілген анықтамалар шақырылушының жеке iсiне тiгіледi.

      17. Отбасы жағдайы бойынша шақыруды кейiнге қалдыру негiздемесiн жоғалтқан адамдар мерзiмдi әскери қызметке жалпы негiздерде шақырылады.

      18. Азаматтарға бiлiм алуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру туралы шешiм осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарында шақырылушыға берiлетiн анықтаманың негізінде шығарылады және шақырылушының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан бастапқы өтуi кезiнде бiр рет қабылданады.
      Кейiннен қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалар (бөлiмдер) жыл сайын 1 қазанға дейiн тиiстi бiлiм беру ұйымдарынан шақырылушылардың оқуларын жалғастырып жүргенiн растайтын анықтамаларды сұратады. Көрсетiлген анықтамалар шақырылушының жеке iсiне тiгiледi.
      Бiлiмiн жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыруды ресiмдеу шақырылушыларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясына шақырумен, оларды медициналық куәландырудан өткiзбестен жүргiзiледi. Осындай шақырылушылардың денсаулық жағдайы туралы деректер осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес оларды шақыру учаскелерiне тiркеу кезiнде медициналық куәландырудың нәтижелерi негізiнде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кiтабына енгiзiледi.

      19. Денсаулық жағдайы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жыл мерзiмге дейiн берiледi. Осы мерзiм өткеннен кейiн әскери қызметке жарамдылығы туралы түбегейлi қорытынды шығарылады.

      20. Азаматтарға басқа да себептер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Заңға сәйкес берiледi.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.18. N 1005 қаулысымен.

      21. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыруды беру туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының шешiмдерi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кiтабына, кейiнге қалдыруды беру мерзiмiн және негiздемесiн көрсете отырып, шақырылушылардың есепке алу карталарына және тiркеу туралы куәлiгiне жазылады.

      22. Шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы бар шақырылушылар өздерiнiң қалауы бойынша өз еркiмен бас тарту туралы өз қолымен жазылған және нотариалдық куәландырылған өтiнiшiн, олардың келiскендiгi туралы мүдделi адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау органдарының нотариалдық куәландырылған құжатын ұсынған жағдайда мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.

      23. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан босату Заңның 28-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiмен берiледi. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған барлық азаматтарға әскери билеттер жазылады және олар запастағы әскери мiндеттiлердiң әскери есебiне берiледi.

      24. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп таныған және осыған байланысты әскери мiндеттiлердiң әскери есебiне алынған адамдар бейбiт уақытта медициналық қайта куәландыруға жатпайды.

      25. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының төрағасы шақыру комиссиясының жұмысын, оның мүшелерiнiң толық құрамында отырыс өткiзудi қамтамасыз етедi және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақырумен, оларды мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдыруды немесе босатуды берумен байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресiмделуi үшiн тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырады.

      26. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiне сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып құжаттарды ресiмдеу жүргiзiледi:
      шақырылушының есептiк-қызметтiк карточкасында шақырылушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қай әскер түрi мен тегiне тағайындалғаны туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмi жазылады;
      отбасы жағдайы бойынша, бiлiмiн жалғастыру үшiн, денсаулық жағдайы бойынша және басқа да себептер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдыруды алған адамдардың шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктерiндегi "Шақыру комиссиясынан өту нәтижелерi" бөлiмiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) бастығының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекiтiлетiн тиiстi жазба жазылады;
      бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулi түрде жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығарылумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға шақыру комиссиясының хаттамалар кiтабынан үзiндi көшiрмелер толтырылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен кейiнге қалдырылған немесе босатылған барлық азаматтардың жеке iстерi зерделеу үшiн облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларына жiберiледi. Құжаттарды тексерудiң нәтижелерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы шақырылушының есептiк карточкасында аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiн бекiту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жiберу туралы белгi соғады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiмен келiспеген азаматтар қайта куәландыруға жатады. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмi бекiтiлгеннен кейiн запас бойынша есептiк-әскери құжаттар ресiмделедi.
      Есептiк-әскери құжаттар ресiмделгеннен кейiн үш данада тiзiм жасалады және шақырылушылардың есепке алу карталарымен қоса әскери билеттер жазып беретiн қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттердiң есепке алу бөлiмiне ұсынылады. Шақырылушылардың есепке алу картасында онда әскери билеттiң үзiндi көшiрмесiнiң сериясы, нөмiрi мен күнi белгiлене отырып, әскери билеттермен тiзiмнiң екiншi данасы қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармаға (бөлiмге) қайтарылады.

      27. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтар, олардың ата-аналары және өзге де мүдделi адамдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы шығарған шешiммен келiспеген жағдайда заңнамаға сәйкес шағымдана алады.

      28. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiне сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтар ұйымдасқан түрде облыстық жиын пунктiне келедi. Оларды жеткiзу үшiн қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң) қызметкерлерi қатарынан бiрге жүрушiлер тағайындалады. Бiрге жүрушiлерге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес атаулы тiзiмнiң үш данасы және мөр басылған түрде жеке iстер, есептiк-қызметтiк карточкалар, амбулаторлық науқастың медициналық картасына жасөспiрiмге арналған қосымша парақтар берiледi.
      Атаулы тiзiмнiң N 1 және 2-даналары облыстық жиын пунктiнiң бастығына берiледi, ал облыстық жинау пунктiнiң бастығы команданы қабылдап алғандығына қол қоятын N 3 данасы бiрге жүрушiлермен қоса қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаға (бөлiмге) қайтарылады.
      Атаулы тiзiмнiң N 2 данасы команданы облыстық жиын пунктiнен жөнелткен күнi қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаға (бөлiмге) қайтарылады. Онда жiберiлген әрбiр азаматтың тегiнiң тұсына: қашан (күнi, айы мен жылы) және қандай әскери команда жөнелткенi немесе қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаға (бөлiмге) қандай себеппен қайтарылғаны туралы белгi қойылады. Тiзiмнiң осы данасына облыстық жиын пунктiнiң бастығы қол қояды және қорғаныс iстерi жөнiндегi  елтаңбалы мөрiмен куәландырылады.
      Облыстық жиын пунктiнен алынған атаулы тiзiмнiң N 2 данасы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармада (бөлiмде) кiрiс журналы бойынша ескерiледi. Осы тiзiмнiң негiзiнде есептiк-әлiпбилiк кiтаптың тиiстi бағанында әскерге жөнелтiлген әрбiр шақырылушының тегiнiң тұсында: "200 ___ жылы ____ N ______ әскери командамен жөнелтiлдi" деген белгi қойылады, содан кейiн осы тiзiм қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарманың (бөлiмнiң) iстерiне тiгiлiп, 10 жыл бойы сақталады.
      Атаулы тiзiмнiң N 1 данасы тiзiмге енгiзiлген адамдардың қашан және қандай әскери командамен жөнелтiлгенi немесе қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармаға (бөлiмге) қандай себептермен қайтарылғаны туралы белгiлермен қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң iсiне тiгiледi және 10 жыл бойы сақталады.

      29. Заңға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау және бақылау үшiн облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары құрылады.

      30. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту алдында тiкелей облыстық жиын пунктiнде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясымен мерзiмдi әскери қызметке шақырылған адамдарды медициналық тексеруден өткiзедi.

      31. Облыстық жиын пунктiндегi медициналық тексеру нәтижесiнде әскери қызметке кедергі келтiретiн ауруы анықталған шақырылушылар шақырылған жерi бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармаға (бөлiмге) жiберiледi.
      Облыстық жиын пунктiнен қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаға (бөлiмге) қайтарылған шақырылушылар осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес облыстық жиын пунктiнен қайтарылған шақырылушыларды есепке алу кiтабына енгiзiледi.
      Қайтарылатын әрбiр шақырылушыға облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының төрағасы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) бастығының атына осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шақырылушының қайтару себебiн көрсетiп қызметтiк хат жiбередi. Бұл қызметтiк хат шақырылушының жеке iсiне тiгіледi.
      Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) бастықтары облыстық жиын пунктiнен қайтарылған барлық адамдарды облыстық жиын пунктiнен алынған жаңа деректердi ескере отырып, мерзiмдi әскери қызметке шақыру мәселесiн шешу үшiн шақыру комиссиясына қайта шақырады.
      Облыстық жиын пунктiндегi дәрiгерлердiң жұмысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары үшiн шақырылушыларды медициналық тексерудiң соңғы кезеңi болып табылады. Медициналық тексеру кезiнде денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды болдырмау үшiн аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының ықтимал қателерi анықталады.

      32. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыруды өткiзу мерзiмi, орны және куәландыруға жататын азаматтар туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларын хабардар етедi. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке iсiмен және қойылған диагнозы мен шығарылған қорытындысы бар медициналық құжаттарымен жiберiледi. Егер қайта куәландыру нәтижесiнде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгерсе, дәрiгер-маман медициналық куәландыру парағын ресiмдейдi, ал облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссияның шешiмiнiң күшiн жояды және хаттамалар кiтабында ресiмделетiн және азаматқа хабарланатын өз шешiмiн шығарады. Шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, сондай-ақ қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттiң мөрiмен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының хаттамалар кiтабынан үзiндi көшiрме шешiмi қайта қаралған шақыру комиссиясына жiберiледi. Егер қайта куәландырудың нәтижесiнде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмi өзгермесе, хаттамалар кiтабы мен есепке алу картасында оның бекiтiлгенi туралы жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресiмделмейдi.

      33. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларының сонымен қатар шақырылушы азаматтардың, олардың ата-аналары мен өзге де мүдделi адамдардың шақыру мәселелерi бойынша шағымдарын қарау жүктеледi.
      Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiне шақырылушының және басқа да адамдардың шағымдары осы шешiмнiң орындалуын тоқтатпайды.

      34. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыру аяқталғаннан кейiн облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары мынадай жұмыстарды жүргiзедi:
      аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары төрағаларының: шiлдеде - көктемгi шақырудың қорытындылары бойынша қаңтарда - күзгi және тұтастай алғанда бiр жылғы шақырулардың қорытындылары бойынша атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлi есептер тыңдайды;
      аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының шақырылушыларды мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату туралы және 27 жасқа толған адамдарды запасқа беру туралы шығарған шешiмдерiнiң дұрыстығын тексередi;
      бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулi түрде жарамды және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шақырылудан кейiнге қалдырылған шақырылушылардың барлық жеке iстерiн тексерудi жүргiзедi;
      азаматтарға Заңда көзделген мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдырудың дұрыстығына тексеру жүргiзедi.
      Құжаттарды тексеру нәтижелерi бойынша шақырылушының есепке алу картасында және хаттамалар кiтабынан үзiндi көшiрмеде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешiмiн бекiту туралы (белгiленген үлгiдегi мөртабанмен және қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң елтаңбалы мөрiмен) немесе азаматты қайта куәландыруға жiберу туралы белгi жасалады.
      Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары қабылдаған шешiмдердi тексеру нәтижелерi осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының хаттамалар кiтабына енгiзiледi.

      35. Жергiлiктi әскери басқару органдары Заңға сәйкес жабдықталған жиын пункттерiмен мынадай мақсатта қамтамасыз етiледi:
      шақырылушылармен әскери командаларды жасақтау;
      командаларды әскери командаларды қабылдап алу және iлесiп жүру үшiн әскери бөлiмдерден келген өкiлдерге беру;
      әскери командаларды қажеттi мүлiкпен және тағайындалған жерге дейiнгi жолға қажеттi тамақпен қамтамасыз ету;
      командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына ұйымдасқан түрде жөнелту.
      Облыстық жиын пункттерiнде шақырылғандардың iшiнен жекелеген адамдар науқастану немесе басқа да себептермен кейiнге қалдырылған жағдайда командаларды толықтыру үшiн қажеттiлiгiне қарай пайдаланылатын әскери командамен жөнелтiлетiндердiң санынан 1 пайызға дейiнгi мөлшерде шақырылушылар резервiнiң болуына рұқсат етiледi. Облыстық жиын пункттерiнде резервте тұрған шақырылушыларды 2 күннен артық ұстауға жол берiлмейдi.

      36. Облыстық жиын пунктiнде:
      қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармалардан (бөлiмдерден) келетiн жеке құрамды орналастыру үшiн үй-жай;
      жеке құрамды санитарлық тазартуға арналған (монша, сусебезгi) үй-жайлар;
      шақырылушы азаматтар арасында олар жиын пунктiнде болған кезде тәрбие жұмысын жүргiзуге арналған үй-жайлар;
      әрбiр дәрiгер-маманға бiр бөлме есебiнен медициналық тексеруге арналған бөлмелер;
      флюорографиялық тексеруге арналған кабинет;
      әскери командаларды жасақтау бөлiмшелерi үшiн үй-жай;
      әскери командаларды әскери бөлiмдерге қабылдап алу және iлесiп жүру үшiн әскерлерден келген жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;
      тамақтану пунктi, буфет;
      дезинфекциялық камералары бар санитарлық өткiзушi, екi инфекция изоляторы, санитарлық тораптар;
      жеке құрамды сапқа тұрғызу және олармен саптық және спорттық жаттығуларды өткiзуге арналған орын болуы тиiс.
      Барлық үй-жайлар, кабинеттер, санитарлық өткiзушi санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы тиiс.
      Бұдан басқа, жиын пунктiнде жиын пунктiнiң қолбасшылығын, кезекшi қызметтi және әскери тәртiптi сақтау үшiн тағайындалатын басқа да адамдарды орналастыруға арналған орындар қарастырылуы тиiс.

      37. Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер бастықтары және олардың тәрбие, әлеуметтiк және психологиялық жұмыс жөнiндегі орынбасарлары облыстық жиын пункттерiнде әзiрленген жоспарларға сәйкес шақырылушылар арасында қажеттi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмысты ұйымдастырады, шығарып салуға келген ата-аналармен түсiндiру жұмысын жүргiзедi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi мен шақырылушылардың ата-аналарының қатысуымен әскери командалардың жеке құрамын салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады.
      Облыстық жиын пункттерiнде, сондай-ақ жүру жолында шақырылушылармен тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмысты жүргiзу кезiнде жоғары ұйымдастырушылық пен тәртiптi қамтамасыз етуге, жергілiктi тұрғындарға қатысты бұзақылық және басқа да адамгершiлiкке жат қылықтар жасауға жол бермеуге назар аударылады. Жүру жолында және тоқтаған жерлерде мiнез-құлық ережелерi мен қауiпсiздiк шаралары, жеке құрамның әскери тәртiптi, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қатаң сақтау қажеттiлiгi түсiндiрiледi.

      38. Әскери командаларды қабылдап алуға және iлесiп жүруге тағайындалған жеке құрам облыстық жиын пункттерiне әскери командалардың жөнелтiлуiне дейiн 2 тәулiк бұрын келуге тиiс.
      Әскери командаларды қабылдап алу және iлесiп жүру үшiн әскерлерден келген жеке құрам облыстық жиын пунктiнiң бастығына бағынады. Ол облыстық жиын пунктiнiң қолбасшылығымен бiрлесiп әскери командаларды құрады, жеке iстерi бойынша әңгiмелесу жолымен шақырылушыларды зерделейдi, жеке құрамды ас iшуге, санитарлық қараудан өтуге iлесiп жүредi және облыстық жиын пунктiнiң жұмыс тәртiбiне сәйкес басқа да iс-шараларға қатысады.

      39. Команда жетекшiлерiне әскери командаларға iлесiп жүру құқығына сенiмхат берiледi.

      40. Облыстық жиын пункттерiнде шақырылған азаматтар осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес атаулы тiзiм бойынша команданың бастығына тапсырылады.
      Атаулы тiзiм жөнелтiлетiн әскери команданың әрқайсысына 4 данада жасалады. N 1 және 2 даналары есептiк-қызметтiк карточкаларымен, амбулаторлық науқастың медициналық картасына шақырылушыға қосымша парақтарымен әскери команданың бастығына табыс етiледi. Тiзiмнiң N 3 данасы әскери команда бастығының шақырылушыларды қабылдағаны туралы қолхатымен қорғаныс iстерi жөнiндегі департаментте қалады. Тiзiмнiң N 4 данасы әскери билеттердi беру ведомосiмен бiрге тiгiледi.
      Бұдан басқа, әскери команда бастығына әскери бөлiмге дейiнгi жүру жолына тасымалдау құжаттары тапсырылады.

      41. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау шығыстарын өтеудi олар ұсынған шоттар бойынша тиiстi мемлекеттiк органдарға республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде тiкелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзедi.

      42. Команда жетекшiлерi белгiленген жерге келгеннен кейiн жеке құрамды атаулы тiзiм мен есептiк-қызметтiк карточкалар бойынша қабылдау пункттерiнiң бастықтарына тапсырады. Осымен бiр уақытта тиiстi бастықтарға әскери тәртiптiң жағдайы туралы және жүру жолындағы оның барлық бұзылу оқиғалары туралы баяндайды.
      Қабылдау пункттерiнде тiзiмнiң бiрiншi данасының 8-бағанында әрбiр тегінің тұсына шақырылушының қашан және қандай әскери бөлiмге (орналасу пунктін көрсетпей бөлiмнiң шартты нөмiрi) мерзiмдi әскери қызметтi өткеруге жіберілгені туралы белгi қойылады. Тiзiмнiң осы данасы шақырылушыларды қабылдау аяқталған соң командирлердiң (бастықтардың) өкiмiмен қабылдау пунктi құрылған әскери бөлiмге берiледi. Жаңа буынды қабылдау туралы белгісі бар, елтаңбалы мөрмен куәландырылған екiншi данасы жаңа буын келген қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментке жiберiледi. Әскери бөлiмдерден келген атаулы тiзiмдерi бар iстер 10 жыл бойы сақталады.

3-тарау. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi

      43. Запастағы офицерлердi офицерлiк құрам лауазымына әскери қызметке шақыру Заңның 24-бабына сәйкес жүргізiледi.

      44. Запастағы офицерлердi шақыру үшiн iрiктеудi өткiзу кезiнде жасақтау үшiн офицерлер тағайындалатын әскери бөлiмдердiң өкiлдерi iрiктеу жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзiлуi мүмкiн.

      45. Жергiлiктi әскери басқару органының бастығы әскери бөлiмнiң (мекеменiң) өкiлiмен бiрлесiп, шақырылуға жататын запастағы офицерлердi зерделеу және iрiктеу жөнiндегі жұмысты жүргізедi.

      46. Запастағы офицер шақырылатын Қарулы Күштер түрлерiнiң бас қолбасшылары, әскер тектерiнiң, өңiрлiк қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлiмдердiң командирлерi, мекемелер бастықтары:
      1) денсаулық жағдайына, моральдық-iскерлiк қасиеттерiне, отбасы жағдайына назар аудара отырып жеке әңгiмелеседi, қажет болған жағдайда кандидатты қосымша тексеру мен медициналық тексеру туралы шешiм қабылдайды, кәсiби даярлық деңгейiн анықтау үшiн жалпы сауалнама өткiзедi;
      2) әңгiмелесудi жүргiзу нәтижелерi бойынша iрiктелген кандидатпен зерделеу парағын ресiмдейдi;
      3) шақыруға кандидатты алдын ала зерделеу және iрiктеу үшiн қажеттi бiлiм деңгейi және қызмет тәжiрибесi бар офицерлер қатарынан өкiлдер тағайындайды;
      4) аумақтық жасақтау қағидатын ескере отырып, одан әрi әскери қызмет өткеру үшiн запастағы офицерлердi әскери лауазымдар бойынша алдын ала бөлудi жоспарлайды;
      5) әскери бөлiмнiң (бөлiмшелердiң) тәрбие құрылымының командирлерiмен, офицерлерiмен запастан шақырылған офицерлермен жұмыс жүргiзу нысандары мен әдiстерi бойынша сабақтар (нұсқамалар) өткiзедi.

      47. Шақыру үшiн iрiктелген кандидаттарға материалдарды ресiмдеу тек Ереженiң 45 және 46-тармақтарында көрсетiлген лауазымды адамдар зерделегеннен кейiн жүргiзiледi.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.18. N 1005 қаулысымен.

      48. Запастағы офицерлер қатарынан шақыруға iрiктелiп алынған кандидаттар әскери қызметке жарамдылық тұрғысында медициналық куәландыруға жiберiледi.
      Бұл ретте кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адам медициналық тексеру картасының, жеке iсiнiң және басқа да шақыру құжаттарының толық және сапалы толтырылуын тексередi. Жергiлiктi әскери басқару органының бастығы арнайы тексеру өткiзу үшiн тиiстi органдарға сұрау салуды ресiмдейдi.
      Кандидаттың әскери қызметке жарамдылығы туралы шешiм медициналық куәландыру мен арнайы тексерудi жүзеге асыратын тиiстi органдардың жауаптарының нәтижелерi бойынша қабылданады.

      49. Әскери бөлiмдердiң лауазымды адамдары iрiктеп алған және әскери қызметке шақыруға жарамды кандидаттардың тiзiмi тиiстi командирмен (бастықпен) келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi әскери басқару органдарына жiберiледi.

      50. Запастағы офицерлердi шақыру кезiнде жергiлiктi әскери басқару органының бастығы мынадай құжаттарды ресiмдейдi және ұсынады:
      1) қызметтiк карта;
      2) жеке iсi;
      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi көшiрмесi;
      4) шақыруға кандидаттың зерделеу парағы;
      5) туберкулез, терi-венерологиялық, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден, флюорография, ЭКГ нәтижелерi, зәр мен қанның жалпы анализдерiнiң, RW (Вассерман реакциясы) және АҚТҚ инфекциясына қан анализдерiнiң анықтамаларын қоса медициналық куәландыру картасы;
      6) тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарының анықтамасы;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетiнен анықтама;
      8) зейнеткерлiк шартының көшiрмесi;
      9) әлеуметтiк жеке кодтың көшiрмесi.

      51. Уәкiлеттi органның басшысы офицерлер лауазымына шақыруға жататын запастағы офицерлерге жергiлiктi әскери басқару органдарынан ұсынылған материалдар бойынша жеке құрам бойынша шақыру туралы бұйрық шығарады.

      52. Запастағы офицерлердi шақыру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтардан үзiндi көшiрмелер тиiстi әскери бөлiмдер (мекемелер) мен жергiлiктi әскери басқару органдарына жiберiледi.

      53. Әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi көшiрменi алған сәттен бастап жергiлiктi әскери басқару органдарына сұрау салуды жiбере отырып, запастан шақырылған офицерлердiң келуiн бақылауды жүзеге асырады, қызмет орнына кету мерзiмiн нақтылайды.

      54. Шақырылған офицердiң жеке iсi алдын ала белгiленген тәртiппен әскери қызмет орнына кетуi туралы ұйғарымды бергенге дейiн жiберiледi.

      55. Жергiлiктi әскери басқару органының бастығы шақырылушы офицерге ұйғарымды тапсырады және оның әскери бөлiмге (мекемеге) кетуiн бақылауды жүзеге асырады. Офицерлердiң әскери бөлiмге келуiн жергiлiктi әскери басқару органының бастығы мен әскери бөлiмнiң командирi бақылайды.

      56. Әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi офицер әскери бөлiмге (мекемеге) келiсiмен әскери бөлiмнiң жеке құрамының тiзiмiне қабылдау туралы бұйрық шығарады және үлестiң барлық түрiне қоюды жүргiзедi, баяндауды жүзеге асырады, жергiлiктi әскери басқару органын хабардар етедi және офицерлердiң есептiк мәлiметтерiн нақтылауды жүргiзедi.

      57. Запастан шақырылған офицерлер әскери бөлiмге келгеннен кейiн командир (бастық) мынадай нұсқаулар бередi:
      1) әлеуметтiк-демографиялық деректерiн, бейiмiн, қабiлетi мен даярлық деңгейiн зерделеу мақсатында әңгiме жүргiзу туралы;
      2) взвод (рота) өмiрiнiң, тұрмысының және жауынгерлiк жаттығудың барлық ерекшелiктерiмен, техника мен қару-жарақтың жай-күйiмен таныстыру туралы, бөлiмше алдында тұрған негiзгі мiндеттердi жеткiзедi;
      3) сынақ тапсырумен функционалдық мiндеттерiн, жауынгерлiк даярлықты ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды регламенттейтін басшылық құжаттарды зерделей отырып, жиындар өткiзу туралы;
      4) оқу пәндерi бойынша әдiстемелiк-нұсқамалық сабақтар өткiзу туралы;
      5) атыстан, жауынгерлiк машиналарды жүргiзуден, техниканы пайдалану мен қызмет көрсету кезiнде нормативтердi орындаудан бақылау сабақтарын өткiзу туралы;
      6) даярланған офицерлер қатарынан тәлiмгерлер тағайындау қалыптасуға, тұрмыстық-әлеуметтiк мәселелердi шешуге көмек көрсету туралы;
      7) тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы;
      8) қызмет орнына үй заттарын жеткiзу, әйелдерiн жұмысқа орналастыру, балаларын мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен мектептерге орналастыру мәселелерiн шешуге көмек көрсету туралы.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскер тектерi мен түрлерiнiң, өңiрлiк қолбасшылықтар мен әскери бөлiмдердiң кадр органдары офицер қызмет орнына келмеген жағдайда себебiн нақтылайды және офицердiң есептiк деректерiн, жеке құрам бойынша бұйрықтың нөмiрiн көрсете отырып, облыстардың қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерiне сұрау салады.
      Нақтылаудан кейiн әскери полиция органдарымен бiрлесiп, iздестiру iс-шараларын жүргiзедi, қабылданған шараларды көрсете отырып, шақырылған офицердiң белгiленген мерзiмде келмегенi туралы жоғары тұрған кадр органына баяндауды жүзеге асырады.

      4-тарау. Әскери жиындарға шақыру

      58. Әскери жиындар деп Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлiмдерге шақырумен әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери мiндеттiлердiң әскери дайындық, әскери бiлiмiн жетiлдiру бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар түсiнiледi.
      Әскери жиындардың негізгi мақсаты бейбiт уақытта қысқартылған санда ұсталынатын әскери бөлiмдердiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлықтарын арттыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жасақтау кезiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын өрiстетуге қажеттi әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және запаста жинақтау болып табылады.

      59. Әскери мiндеттiлер әскери жиындарға жоспарлы жылға запастағы контингенттiң шақыру көлемiн анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының негiзiнде шақырылады.

      60. Әскери жиындарды өткiзу жөнiндегi нақты мiндеттер жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарымен айқындалады.

      61. Әскери мiндеттiлердi даярлау сипаты мен мақсаттары бойынша әскери жиындар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) оқу-жаттығу жиындары;
      2) арнайы жиындар;
      3) тексеру жиындары.

      62. Тiркелген құрамның оқу-жаттығу жиындарында мыналар өткiзiледi:
      жұмылдыру мақсатына сәйкес мiндеттердi шешу үшiн запастағы офицерлердi, сержанттарды және солдаттарды даярлау;
      есепшоттарды, бөлiмшелердi, бөлiмдер мен құрамаларды соғыс уақытының штаттары мен ұйымдастырылуына жақындатылған жағдайда жауынгерлiк үйлестiру;
      жұмылдыру жоспарларымен көзделген жекелеген iс-шараларды тексеру.

      63. Әскери мiндеттiлердi даярлау, қайта даярлау және әскери бiлiмдерiн жетiлдiру бойынша оқу-жаттығу жиындарында мыналар өткiзiледi:
      запастағы офицерлердi жоғары лауазымдарға даярлау;
      запастағы сержанттар мен солдаттар қатарынан запастағы офицерлердi даярлау;
      жұмылдыру жоспары бойынша әскери мiндеттiлердiң әскери бiлiмiн жетiлдiру және қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жасақтау үшiн қажеттi басқа да мамандықтарға даярлау.

      64. Қару-жараққа, техникаға және жұмсалмайтын қор мен ұзақ сақталатын қордағы мүлiктерге қызмет көрсету жөнiндегi оқу-жаттығу жиындарында әскери мiндеттiлердiң қызмет көрсетiлетiн техниканы зерделеуi, сондай-ақ оларды пайдалану мен жауынгерлiк қолдану жөнiндегi практикалық дағдыларға баулу жүргізiледi.

      65. Тексеру жиындарында жұмылдыру жоспарына сәйкес әскери бөлiмдерге тiркелген әскери мiндеттiлермен олардың әскери даярлықтары мен практикалық дағдыларын талап етiлетiн деңгейде ұстау жөнiнде сабақтар, сондай-ақ қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлерiнде оларды жауынгерлiк қолдану жүргiзу және қызмет көрсету жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн атқару бойынша жаттығулар өткiзiледi.

      66. Қарулы Күштерде әскери жиындарды жалпы жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрамалары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерi командирлерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әскери жиындарға шақыруға жататын әскери-оқытылған мамандардың жыл сайынғы мөлшерi негiзiнде Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi жүзеге асырады.

      67. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрлерi, әскер тегi немесе қызметi бойынша әскери жиындар өткiзу жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi белгiлеген бақылау тапсырмалардың негiзiнде тиiстi штабтар мен басқармалар әзiрлейдi. Ұсыныстарда жиындар түрi, олардың өткiзiлетiн орны мен мерзiмi, әр мамандық бойынша жиындарға шақырылуға жататын әскери мiндеттiлердiң және жиынға өрiстету үшiн жоспарланған нақты құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер саны көрсетiледi.
      Режимдiк бөлiмдер мен мекемелерде, сондай-ақ әскери мiндеттiлер аса маңызды жұмыстармен, өте құпия және құпия техникамен және құжаттармен байланысты бөлiмдер мен мекемелерде әскери жиындарды жоспарлау кезiнде осы бөлiмдерге жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң рұқсат нысаны ұсыныстарда көрсетiледi. Әскери мiндеттiлер үшiн рұқсат нысаны мерзiмдi әскери қызмет пен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлердiң үлгiсiндегiдей белгiленедi.
      Офицерлiк құрамды даярлауға, сондай-ақ тiкелей штабтар мен басқармаларға бағынбайтын бөлiмдердiң, құрамалар мен әскери оқу орындарының базасында мамандар даярлауға қатысты ұсыныс бөлiмдерi тиiсiнше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кадрлар және ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменттерiмен келiсiледi.
      Тиiстi штабтармен және басқармалармен әскери жиындарды жоспарлау жөнiндегi келiсiлген ұсыныстар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетiне жыл сайын 15 қаңтарға қарай ұсынылады.

      68. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Штабтар бастықтары комитетiнiң нұсқаулары және әскери жиындарды өткiзудiң жалпы жоспары негiзiнде штабтар мыналарды әзiрлейдi:
      1) бағынысты әскери бөлiмдермен әскери жиындар өткiзу жоспарлары;
      2) әскерлердi жұмылдыру даярлығы жөнiндегi iс-шараларды ескере отырып, бағынысты бөлiмдерде әскери мiндеттiлердiң әскери жиындарын ұйымдастыру және өткiзу мәселелерi бойынша алдағы оқу жылына оқу бағдарламалары, әдiстемелiк ұсыныстар мен қажеттi нұсқаулар;
      3) жиындарды материалдық және қаржылық қамтамасыз етудi жоспарлау үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тыл бастығы басқармасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаментiмен келiсiлген әскери мiндеттілердiң саны және оларды бiрлестiктер, құрамалар, әскери бөлiмдер бойынша әскери жиындарға тарту мерзiмi туралы мәлiметтер;
      4) әскери бөлiмдер үшiн әскери мiндеттiлердi мамандықтар бойынша шақыру мөлшерiн, жиындарды өткiзу мерзiмiн көрсете отырып, әскери жиындарды, сондай-ақ жиындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқу-жаттығу алаңдарын, атыс орындарын бөлу мен мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу жоспарлары.
      Жиындарды өткiзу мерзiмдерi облыстардың, қалалардың, аудандардың әкiмдерiмен келiсiледi.
      Әскери жиындарда әскери мiндеттiлердi даярлаудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Штабтар бастықтары комитетiне жыл сайын 1 ақпанға қарай ұсынылады.
      Әскери жиындардың жоспарларында оқу-жаттығу жиындарға тiркелген құрамдағы запастағы офицерлердi әскери бөлiмдердi өрiстетуден 10 күн бұрын шақыру қарастырылады. Әскери мiндеттiлер техникалық қызмет көрсету бөлiмшелерi мен бөлiмдерiне жиындарды қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде шақырылады.

      69. Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жоспар әзiрлеу үшiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Төтенше жағдайлар министрлiгi және Республикалық ұлан құрамаларының, бөлiмдерi мен мекемелерiнiң штабтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетiне жыл сайын
1 ақпанға дейiн қажеттi есептердi ұсынады.

      70. Облыстардың (республикалық маңызы бар қала мен астананың) қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерiне әскери мiндеттiлердi әскери бөлімдерге әскери жиындарға шақыруға нұсқаулар мен нарядтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi бередi.

      71. Бiрлестiктердiң, құрамалардың, бөлiмдердiң командирлерi мен қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттердiң бастықтары облыстардың әкiмдерiне (республикалық маңызы бар қала мен астананың) алдағы жылы әскери жиындарға шақырылатын әскери мiндеттiлердiң мөлшерi, шақыру мерзiмi және техника жеткiзу туралы мәлiметтердi жеткiзедi.

      72. Әскери мiндеттiлердi әскери жиындарға шақыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Штабтар бастықтары комитетiнiң нұсқаулары мен нарядтарының негiзiнде қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер (басқармалар) жүргiзедi. Әдетте жұмылдыру жоспары (бойынша әскери бөлiмдерге тағайындалған әскери мiндеттiлер бiрiншi кезекте жиынға шақыруға жатады.

      73. Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер (басқармалар, бөлiмдер) әскери мiндеттiлердi iрiктеу сапасына, әскери жиындарға уақтылы жiберуге және нарядтардың толық орындалуына жауап бередi. Әскери жиындарға әскери мiндеттiлердi iрiктеудi қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттер (басқармалар, бөлiмдер) ресурстар дайындалып жатқан әскери бөлiмдердiң тиiстi командирлерiмен бiрлесiп жүргiзедi.

      74. Денсаулық жағдайы, отбасы жағдайлары және өзге де себептер бойынша әскери жиындарды өткеруден босатылған әскери мiндеттiлер тиiстi мамандықтар бойынша жиындарды өткеру талаптарына жауап беретiн бос ресурстағы әскери мiндеттiлермен алмастырылады.

      75. Әскери мiндеттiлердi даярлау және тапшы мамандықтар бойынша олардың әскери бiлiмдерiн жетiлдiру бойынша әскери жиындарға мыналар шақырылады:
      1) әскери бiлiмдерiн жетiлдiру үшiн - басым көпшiлiгі жоғарғы кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында әскери даярлықтан өткен және офицерлер лауазымында армияда қызмет өткермеген запастағы офицерлер, сондай-ақ теориялық және практикалық әскери даярлығы төмен запастағы офицерлер. Жоғары лауазымдарға даярлау үшiн әскери даярлығы жақсы және әскерлерде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар запастағы офицерлер шақырылады;
      2) запастағы сержанттар мен солдаттардан офицерлер даярлау үшiн:
      командалық бейiнi бойынша - жоғары және орта арнаулы бiлiмi бар, әскер тектерiнде тиiстi мамандықтар бойынша әскери қызмет өткерген және денсаулық жағдайы, iскерлiк пен моральдық қасиеттерi бойынша белгiленген талаптарға жауап беретiн 30 жасқа дейiнгi запастағы сержанттар мен солдаттар;
      инженерлiк-техникалық және басқа бейiндер бойынша - әскери даярлық бейініне жақын жоғары немесе арнаулы орта бiлiмдерi бар немесе осы бейiн бойынша әскери қызметтiк тәжiрибесi бар, денсаулық жағдайы бойынша жарамды әрi iскерлiк және моральдық қасиеттерi бойынша талаптарға жауап беретiн 35 жасқа дейiнгi сержанттар мен солдаттар;
      3) әскери мiндеттiлердi жаңа және тапшы мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау үшiн - әскериге жақын азаматтық мамандықтары бар және тиiстi жалпы немесе орта бiлiмi бар 1 разрядты запастағы офицерлер, сержанттар, старшиналар, солдаттар мен матростар шақырылады.
      Тапшы мамандықтарға даярлау мен жетiлдiру бойынша әскери жиындарға жiберу үшiн әскери мiндеттiлердi алдын ала iрiктеу мен зерделеу қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармаларға (бөлiмдерге) шақырусыз дербес есебiн жүргiзудiң деректерi бойынша алдын ала жүргiзiледi.
      Денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша жекелеген адамдарды жиындарды өткеруден босатқан жағдайда кандидаттарды белгiленген саннан асыра iрiктеу жүргiзiледi.
      Режимдiк бөлiмдерде жиындарды өткеру үшiн, сондай-ақ батальон (дивизион) командирлерi орынбасарларының және оларға сәйкес әрi одан жоғары лауазымдар бойынша даярлау үшiн кандидат болып iрiктелiп алынған запастағы офицерлердi облыстың (республикалық маңыздағы қала мен астананың) қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң бастығы жеке өзi қарайды және бекiтедi.

      76. Әскери барлау мамандықтары бойынша даярлау үшiн әскери жиындарға запастағы офицерлердi, сержанттар мен солдаттарды шақыру құрама штабтарының атаулы тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.

      77. Әскери жиындарға тапшы мамандықтар бойынша даярлау және әскери бiлiмдерiн жетiлдiру үшiн денсаулық жағдайы және тиiстi әскер тектерiнде (қызметтерiнде) белгілi бiр лауазымдарда қызметке жарамды әскери мiндеттiлер жiберiледi, сол үшiн жиынға жөнелту алдында олар мiндеттi түрде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) және облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларының медициналық комиссияларымен медициналық куәландырудан өтедi.
      Тiркелген құрамды жиындарға жiберу кезiнде медициналық куәландыруға тек денсаулық жағдайына шағым бiлдiрген, сондай-ақ Әуе десанттық әскерлер, авиацияның ұшу-көтеру лауазымдарындағы және сүңгуiрлер бөлiмдерiнiң тiркелген құрамының жиындарына жiберiлетiн әскери мiндеттiлер тартылады.
      Ұшу-көтерiлу құрамы дәрiгерлiк-ұшу комиссияларында медициналық тексеруге жатады.
      Медициналық тексеру нәтижелерi тиiстi әскери-дәрiгерлiк комиссиялардың анықтамалары салынатын запастағы офицерлердiң жеке iстерiнде көрсетiледi. Запастағы сержанттар мен солдаттардың iлеспе атаулы тiзiмдерiндегi "Ескерту" бағанында арнаулы белгiлер жасалады.

      78. Рұқсат талап етiлетiн режимдiк және басқа да бөлiмдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жiберуге жататын әскери мiндеттiлердiң кандидатуралары Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiледi.
      Келiсу туралы деректер әскери мiндеттiлердiң әскери билеттерiне, жеке iстерi мен басқа да әскери-есептiк құжаттарына белгiленген тәртiппен енгiзiледi, олар әскери жиындарға шақырылғандарды аса маңызды, өте құпия және құпия жұмыстарға, техникаға және құжаттарға рұқсат ету үшiн негiз болып табылады.
      Егер әскери мiндеттiнiң әскери билетiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының рұқсаты (келiсiмi) туралы тиiстi белгiсi болса және оның әрекет ету мерзiмi бiтпеген болса, жиынды режимдiк бөлiмдерде өткеру құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу жүргiзiлмейдi.
      Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының рұқсаты (келiсiмi) жоқ әскери мiндеттiлер рұқсат талап етiлетiн режимдiк және басқа да бөлiмдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жiберiлмейдi.

      79. Әскери мiндеттiлердi тапшы мамандықтар даярлау жөнiндегi әскери жиындарға шақыру үшiн iрiктелген кандидаттарды, сондай-ақ тiркелген құрамның жиындарына шақыру үшiн iрiктелген запастағы офицерлердi хабардар ету есептiк деректердi тексеру және медициналық куәландырудан өткiзу кейiннен жөнелту үшiн келу мерзiмi мен жиын ұзақтығы көрсетiлген белгiленген үлгiдегi шақыру қағаздарын тапсыру үшiн алдын ала жүргiзiледi. Кәсiпорын басшысына жiберiлген хабарламада әскери мiндеттiлердiң әскери жиындарда болу мерзiмi жиында болу уақыты мен әскери бөлiмге дейiнгi жолына және жиыннан қайтуға жұмсалатын уақытты ескере отырып көрсетiледi.
      Запастағы сержанттар мен солдаттарды тiркелген құрамның әскери жиындарына шақыру туралы хабардар ету жұмылдыру жоспарында көзделген мерзiмде және тәртiппен жүргiзiледi.

      80. Әскери мiндеттiлердi әскери жиындарға жiберудi жергiлiктi әскери басқару органдары алынған нарядтарға сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      Жұмылдыру жоспарларының жекелеген iс-шараларын тексеру мақсатында әскери мiндеттiлердi тiркелген құрамның әскери жиындарына шақыру және жөнелту жұмылдыру жоспарлары есебiне сәйкес жасалған, арнайы әзiрленген құжаттар бойынша жұмылдыру терминдерiн көрсетпей жүргiзiледi. Запастағы сержанттар мен солдаттар осы жиындарға көрсетiлген есептерде көзделген мерзiмде және тәртiппен, ал запастағы офицерлер, егер олар алдын ала шақырылса - таңдау тәртiбiмен жөнелтiледi.
      Тапшы мамандықтар бойынша жетiлдiру және даярлау үшiн әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер бөлiмдерге олардың жиындар өткiзiлетiн жерге сабақтар басталуынан бiр күн бұрын жетуi есебiмен жөнелтiледi.
      Осы әскери мiндеттiлердi жиындарға және керi тасымалдау темiр жол немесе автомобиль көлiгiмен ал олар болмаған жекелеген учаскелерде - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi есебiнен әуе көлiктерiмен жүргiзiлуi тиiс.
      Саны 90 адамға дейiнгi әскери мiндеттiлердiң командалары темiр жол көлiгімен жол жүрген жағдайда жолаушы пойыздарымен тасымалданады, ал саны 90 адамнан жоғары болса, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Штабтар бастықтары комитетiнiң нұсқауымен әскери эшелондармен тасымалдануы мүмкiн. Эшелон бастығы болып тек офицер тағайындалады.
      90 адамнан кем командаларды жөнелту кезiнде команда жетекшiсi әскери жиынға жол жүретiн әскери мiндеттiлер қатарынан тағайындалады, жекелеген жағдайларда команда жетекшiсi болып қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент бастығының шешiмi бойынша жергiлiктi әскери басқару органының офицерi тағайындалуы мүмкiн.

      81. Тапшы мамандықтар даярлау бойынша әскери жиындарды өткеру үшiн шақырылған әскери мiндеттiлерге арнап жергiлiктi әскери басқару органдары бөлiм командирлерiне мынадай құжаттар жiбередi:
      1) запастағы офицерлерге - атаулы тiзiм және жеке iстер;
      2) запастағы сержанттар мен солдаттарға - атаулы тiзiм;
      3) ұшу құрамына - атаулы тізім, жеке істер, ұшу және медициналық кiтапшалар.
      Атаулы тiзiмдер, ұшу және медициналық кiтапшалар мөр басылған түрде команда жетекшiсiне қол қойғызып табыс етiледi. Ұшу кiтапшалары жоқ адамдар ұшу құрамын даярлау жөнiндегi әскери жиындарға шақырылмайды.

      82. Әскери жиындарға жiберуге жататын запастағы офицерлердiң жеке iстерi құпия поштамен жiберiледi, ал режимдiк бөлiмдерге және мекемелерге атаулы тiзiмдер, ұшу және медициналық кiтапшалар оларды бөлiмдерде жиын басталардан екi күн бұрын алуын ескере отырып құпия поштамен жiберiледi.

      83. Айрықша режимдiк бөлiмдерге жиындарға жалқы тәртiппен немесе команда құрамында жiберiлетiн әскери мiндеттiлерге ұйғарым режимдiк бөлiмдер мен мекемелер үшiн белгiленген тәртiппен берiледi. Команда жетекшiсiне берiлген атаулы тiзiмдерде команда құрамында бара жатқан әскери мiндеттiлердiң тек тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.

      84. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бөлiмдерi мен мекемелерiне оқу-жаттығу жиындарына әскери мiндеттiлердi шақыру олардың қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттерге жиындардың басталуынан бiр ай бұрын жiберетiн дербес тiзiмдер (сандық өтiнiмдер) бойынша жүргізiледi.

      85. Әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң жауынгерлiк даярлығы әдiстемелiк нұсқауларға және жиынның бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi. Тiркелген құрамның және армия үшiн тапшы мамандықтарды даярлау жөнiндегi әскери жиындардағы барлық оқу уақыты жауынгерлiк даярлық бағдарламаларына сәйкес әскери мiндеттiлердiң әскери және арнаулы бiлiмдерiн арттыруға пайдаланылады. Техникаға қызмет көрсету жөнiндегi жиындарда оқу уақытының 25 пайызы әскери мiндеттiлердiң жауынгерлiк даярлығына, қалғаны - техникаға қызмет көрсету және күтiм жасау жұмыстарына бөлiнедi.

      86. Әскери жиындар өткiзiлетiн әскери бөлiмдердiң командирлерi запастағы офицерлердiң, сержанттар мен солдаттардың жауынгерлiк даярлығының ұйымдастырылуына және өткiзiлу сапасына, жиындардың уақтылы және толық материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiне, оқу-жаттығу базаларын дайындауға, әскери мiндеттiлердi қабылдау мен жиындардан жөнелтудi ұйымдастыруға жауап бередi. Құпия жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға және құпия құжаттардың, техника мен қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы тиiс. Әскери мiндеттiлерге құпия құжаттарды, техника мен қару-жарақты сақтау және ұстау, жеке хат алмасуды жүргiзу тәртiбi мен мемлекеттiк және әскери құпияны сақтауға дербес жауапкершiлiк, жеке блокноттарында құпия жазбалар, суреттер, есептер жасауды және әскери объектiлер мен құпия техниканы фото-кино түсiрулерге жол бермеу жөнiндегi негiзгi талаптар жеткiзiлуi тиiс.

      87. Бөлiмдердiң командирлерi әскери жиындар өткiзуге тапсырмалар алған кезде:
      1) алдын ала жиын бастығын тағайындайды және жауынгерлiк даярлықты ұйымдастыру мен өткiзуден тәжiрибелерi мен бiлiмдерi бар даярланған офицерлер мен сержанттарды оларды осы уақытқа басқа мiндеттерден босатып, бөледi;
      2) жиын басталардан кемiнде екi ай бұрын құрамалардың тиiсті штабтарының бастықтарына әскери мiндеттiлердiң әскери жиындарын толық қамтамасыз ету үшiн қажеттi жетiспейтiн қару-жарақ, оқ-дәрi, техника және әскери мүлiкке өтінiмдер ұсынады;
      3) жиын басталардан бiр апта бұрын оқу бағдарламасына және сағаттар есебiне сәйкес әскери мiндеттiлермен сабақтардың кестесiн жасайды және бекітеді;
      4) жиын басталардан екi-үш күн бұрын әскери мiндеттiлердi оқытуға тағайындалған офицерлермен және сержанттармен нұсқаушылық-әдiстемелiк сабақтар жүргiзiледi;
      5) қару-жарақ, әскери техника, оқу және көрнекi құралдардың қажеттi мөлшерін бөледi және оларды жиынға бекiтедi;
      6) әскери мiндеттiлердi орналастыру үшiн үй-жайларды және жеткiлiктi мөлшерде киiм-кешек пен аяқ киiмдi алдын ала дайындайды;
      7) әскери жиынға келген әскери мiндеттiлердiң жеке заттарын қабылдауды ұйымдастырады;
      8) әскери жиындарға взвод және бөлiмшелер командирлерiнiң бос  лауазымдарында тағылымдамадан өту үшiн шақырылған запастағы офицерлермен лауазымға тағайындалу алдында және тағылымдама барысында жүйелi түрде нұсқамалық-әдiстемелiк сабақтар жүргiзедi.

      88. Әскери мiндеттiлермен оқу процесi әскери жиындар өткiзiлiп жатқан, әскери бөлiмдердi жарақталған жауынгерлiк техниканы және қаруды пайдаланумен ұйымдастырылады.

      89. Әскери жиындарда әскери мiндеттiлердiң оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы кадрлық құрамына бөлiмдер мен олар жиын өткерiп жатқан әскери оқу орындарына арналған сияқты белгiленедi.

      90. Жиындарға шақырылған барлық әскери мiндеттiлер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлiм орналасқан жерден босатуды рота командирлерi (жиын бастықтары) Iшкi қызмет жарғысында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Әскери және қоғамдық тәртiптi бұзу, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке тигiзген материалдық зияны үшiн әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер Қазақстан Республикасының   заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      91. Әскери мiндеттiлердi әр түрлi шаруашылық және құрылыс жұмыстарына және жиын өткеруге қатысы жоқ қызмет атқаруға тартуға жол берiлмейдi.

      92. Тiркелген құрамның әскери жиындарын өткiзу кезiнде әскери бөлiмдердiң шынайы нөмiрлерiмен және атауларымен, өрiстетiлетiн және жасақталатын бөлiмдер үшiн белгіленген соғыс уақытының дала поштасы нөмiрiмен, сондай-ақ жұмылдыру жоспарының түпнұсқа құжаттарымен пайдалануға қатаң тыйым салынады. Әскери жиындар кезеңiнде ресми құжаттарда және хат алмасуда әскери бөлiмдер тек бейбiт уақытта оларға берiлген шартты атаулар бойынша аталады. Әскери жиындар кезiнде бейбiт уақытта әрекет ететiн әскери бөлiмдердiң шартты литерлiк нөмiрлерi жасақталатын бөлiмдерге берiледi.

      93. Әскери жиындарға шақырылған және бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер 5 күн мерзiмде әскери антқа келтiрiледi, ол туралы әскери билеттерiнде тиiстi белгi жасалады.

      94. Әскери жиындар аяқталған соң тапшы мамандықтар бойынша әскери міндеттілердің өткен бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру жүргiзiледi және даярлық дәрежесi туралы қорытынды шығарылады. Емтихандар (сынақтар) қабылдау үшiн әскери бөлiмдердiң, мекемелер мен әскери оқу орындарының даярланған және тәжiрибелi офицерлерi қатарынан арнайы комиссиялар құрылады.

      95. Әскери бөлiмдер командирлерi мен штабтары әскери жиындар аяқталғаннан кейiн:
      1) запастағы офицерлерге, сондай-ақ офицерлiк құрамға даярлықтан өткен запастағы сержанттар мен солдаттарға жиындардың оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесi көрсетiлген, әскери iстi зерделеуге қатынасы мен танытқан моральдық қасиеттерi, соғыс уақытында офицердiң тағайындалуы мүмкiн лауазымы, әскери-есептiк мамандығы (егер офицер жаңа мамандық бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда) ол бойынша кезектi (бiрiншi) әскери атақ берiлу мүмкiндiгiн ескеретiн мiнездемелер жасайды;
      2) офицердiң, сондай-ақ сержант пен солдаттың жеке iсiнде және әскери билетiнiң тиiстi бөлiмiнде жиындарды өткергендiгi туралы әскери бөлiм командирiнiң (штаб бастығының) қолымен және мөрiмен расталған белгi қояды;
      3) әскери жиындарды (тапшы мамандықтар немесе тiркелген құрам бойынша) табысты өткерген және онда жиын ұзақтығын, әскери-есептiк мамандықтар нөмiрiн және алдағы уақытта ескерiлуi қажет лауазымдық бiлiктiлiгiн көрсете отырып, тиiстi лауазымдар бойынша қажеттi даярлық алған (жиындар мерзiмiне қарамастан) запастағы сержанттар мен солдаттардың атаулы тiзiмдерiн жасайды. Жиындарды өткергендiгi туралы әскери билеттiң тиiстi тармағында әскери бөлiм командирiнiң (штаб бастығының) қолымен және мөрiмен расталған белгi қойылады;
      4) жиындарда оқу бағдарламасын табысты аяқтаған және кезектi әскери атақтар беруге тұратын запастағы сержанттар мен солдаттарға әскери билетте тиiстi жазба жүргiзе отырып, әскери атақ бередi және бұйрықтан көшiрменi шақырылған жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдарына жiбередi;
      5) жиындарда пайдаланылған құпия материалдардың, техниканың, қару-жарақ пен жекелеген тораптардың, блоктардың, оларға бөлшектердiң болуын тексереді;
      6) әскери мiндеттiлердi бөлiмнен салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады, ал жиындар бағдарламасын жақсы меңгерген адамдарды көтермелейдi;
      7) он күн мерзiмде жергiлiктi әскери басқару органдарына әскери жиындардан өткен запастағы офицерлердiң жеке iстерi мен мiнездемелерiн және запастағы сержанттар мен солдаттардың атаулы тiзiмдерiн жiбередi.

      96. Әскери бөлiмге дейiн және керi жол жүрген уақытын қоса алғанда, жиындар кезеңiнде шақырылған әскери мiндеттiлердiң жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталады, республикалық бюджет есебiнен орташа айлық жалақысы төленедi.

      97. Әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердi тамақтандыруды және тұрғылықты жерлерiнен жиын өткеретiн пунктке дейiн, сондай-ақ жиындар аяқталғаннан кейiн тұрғылықты жерлерiне тасымалдауды қамтамасыз ету тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қаражаты есебінен жүргiзiледi:
      жергiлiктi әскери басқару органдары - жиындарды өткiзетiн әскери бөлiмдер орналасқан жерге дейiн;
      әскери бөлiмдер (жиындар аяқталғаннан кейiн) - әскери мiндеттiлердiң тұрғылықты жерлерiне дейiн.

      98. Әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жиындар уақытында мыналармен қамтамасыз етiледi:
      жиындарды өткiзетiн әскери бөлiмдердiң жеке құрамы үшiн белгiленген үлес нормалары бойынша азық-түлiкпен;
      әскери мiндеттiлердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген нормалар бойынша заттай мүлiкпен, әскери қызметшiлермен бiрдей ұйымдастырылатын медициналық қызмет көрсетумен.

      99. Офицерлiк құрамға даярлау үшiн жиындарға шақырылатын запастағы сержанттар мен солдаттар запастағы сержанттар мен солдаттар үшiн белгiленген нормалар бойынша үлестiң барлық түрiмен қамтамасыз етiледi.

      100. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындарын өткiзу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрлерi мен тектерiнiң басқармалары, Қорғаныс министрлiгi департаменттерiнiң, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, өңiрлiк қолбасшылықтардың қолбасшылары мен құрамалар командирлерi жүзеге асыратын тұрақты бақылауда болуы тиiс.

      101. Бақылаудың негiзгi түрi тiкелей осы жиындарды өткiзетiн әскери бөлiмдерде әскери жиындардың ұйымдастырылуы мен барысын тексеру болып табылады.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қашан және кiммен, қандай мерзiм iшiнде, қандай әскери бөлiмдерде тексеру жүргiзiлетiнiн айқындай отырып, тексеру жүргізудi жоспарлайды.
      Жауынгерлiк даярлықты тексеру және әскерлердi инспекциялау кезiнде әскери мiндеттiлердiң әскери жиындары мiндеттi түрде тексерiлуi қажет.

  5-тарау. Азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру

      102. Азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының негiзiнде және Заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      103. Қазақстан Республикасының запаста тұрған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында және министрлiктердiң арнайы құралымдарында тiркелген азаматтарын соғыс уақытының штаттарында көзделген әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру немесе оларды әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдардың азаматтық персоналы лауазымдарында қызмет атқаруға жiберу үшiн жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру деп мынадай iс-шаралар түсiндiрiледi:
      1) жалпы немесе iшiнара жұмылдыруды жариялау;
      2) азаматтарды жалпы немесе iшiнара жұмылдыруды өткiзу туралы хабардар ету;
      3) азаматтардың жергiлiктi әскери басқару органдарының алдын ала жинау пункттерiне (жиын пункттерiне) немесе тiкелей әскери бөлiмдерге және арнайы құралымдарға келуi (жеткiзiлуi);
      4) азаматтарды алдын ала жинау пункттерiнен (жиын пункттерiнен) әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдарға жеткiзу;
      5) алынып тасталды
      6) азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жiберу) фактiсiн құжаттамалық ресiмдеу.
      Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.18. N 1005 қаулысымен.

      104. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жiберу) Қазақстан Республикасы Конституциясының , Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру туралы " 1997 жылғы 16 маусымдағы, " Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы " 2005 жылғы 7 қаңтардағы, " Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы " 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарының және мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.

      105. Облыстың (республикалық маңызы бар қала мен астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жалпы немесе iшiнара жұмылдыру жариялау туралы бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жалпы немесе iшiнара жұмылдыру жариялау туралы Жарлығын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң тиiстi бұйрығы негiзiнде жергiлiктi әскери басқару органдары шығарады.

      106. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жiберу) әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдардың оларды соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына көшiрудi көздейтiн жұмылдыру жоспарларында белгiленген көлемде жүзеге асырылады.

      107. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жiберуге) жататын азаматтардың келу мерзiмi мен орындары әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдардың жұмылдыру жоспарларында айқындалады және азаматтарға тапсырылатын жұмылдыру ұйғарымдарында және дербес шақыру қағаздарында көрсетiледi.

      108. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жiберуге) жататын, сондай-ақ шақырудан кейiнге қалдырылған немесе шақыруға жатпайтын азаматтар санаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      109. Азаматтарды әскери бөлiмдерге тiркеудi (арнайы құралымдарға тағайындауды) тиiстi жергілiктi әскери басқару органдары арқылы әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдардың командирлерiмен өзара әрекет ете отырып, жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады.
      Бейбiт уақытта әскери бөлiмдерде және арнайы құралымдарда азаматтық персонал лауазымдарында жұмыс iстейтiн азаматтар осы әскери бөлiмдерге бiрiншi кезекте тiркелуге (арнайы құралымдарға тағайындалуға) жатады.

      110. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке жоспарлы шақыру (жұмысқа жiберу) туралы шешiмдi жергiлiктi әскери басқару органдары азаматтарға жұмылдыру ұйғарымдарын тапсыру және әскери билеттерінде ол туралы тиісті белгі қою жолымен алдын ала жеткізеді. Бұдан басқа, әскери бөлiмдерге тiркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) барлық азаматтарға, сондай-ақ жергiлiктi әскери басқару органдарын күшейту аппараттарына тағайындалған азаматтарға тиiстi жергiлiктi әскери басқару органдары дербес шақыру қағаздарын жазады. Жұмылдыру ұйғарымдарына, дербес шақыру қағаздарына жергiлiктi әскери басқару органдарының бастықтары қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
      Жұмылдыру ұйғарымдары мен дербес шақыру қағаздары түрлерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Штабтар бастықтары комитетi белгiлейдi.

      111. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды (жұмысқа жiберудi) жүзеге асыру үшiн әрбiр облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада), ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен азаматтарды жұмылдыру жөнiндегi шақыру комиссиялары құрылады.

      112. Шақыру комиссияларының дербес құрамы және жұмыс тәртiбi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен бекiтiледi. Жергiлiктi әскери басқару органының бастығы осы комиссиясының төрағасы болып тағайындалады.
      Комиссия мүшелерiнiң бiрiнiң болмай қалу жағдайына белгiленген тәртiппен оның резервтiк құрамы бекiтiледi.

      113. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi әскери басқару органдары арқылы азаматтарды жалпы немесе iшiнара жұмылдыру жүргiзу туралы және олардың алдын ала жиын пунктiне келуiнiң қажеттiлiгiн хабардар етудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Хабардар етуге ұйымдардың лауазымды адамдары және жергiлiктi әскери басқару органдарының күшейту аппараттарына тағайындалған адамдары тартылады, бұл ретте техникалық байланыс құралдары мен хабаршылар қолданылады.
      Ұйымдардың басшылары азаматтарды жұмыс орындары бойынша хабардар ету yшiн хабардар ету штабтарын құрады.
      Жалпы немесе iшiнара жұмылдыру жүргiзу туралы жергiлiктi әскери басқару органы бастығының бұйрығын тарату үшiн радиохабарынтарату желiлерiн, телевиденияны, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын, соның iшiнде электрондық құралдарды қолдану тәртiбi бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен айқындалады.
      Азаматтардың алдын ала жиын пункттерiне немесе тiкелей әскери бөлiмдерге, және арнайы құралымдарға келуi (жеткiзiлуi) жұмылдыру ұйғарымдары және дербес шақыру қағаздары негiзiнде жүзеге асырылады.

      114. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшiн, ең алдымен, қоғамдық жолаушылар көлiктерi, қала маңы поездары мен кемелерi пайдаланылады. Белгiленген тәртiппен ұйымдардың автокөлiктерi және әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдарды жасақтау үшiн азаматтардан алынған автокөлiктер тартылады.
      Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жiберiлген) азаматтар әскери бөлiмдердi және арнаулы құралымдарды толықтыратын кездесу пункттерiне немесе жиын пункттерiне жiберiледi.
      Азаматтарды алдын ала жиын пункттерiнен шығу кезiнде алып жүру үшiн және әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдарға тапсыру yшiн әр командаға әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жiберуге) жатпайтын запастағы офицер, сержант және старшина атақтары бар азаматтардан бастық тағайындалады.
      Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жiберiлген) азаматтарды әскери бөлiмдерге немесе арнайы құралымдарға тапсыру әскери бөлiмдердiң немесе арнайы құралымдардың жеке құрамын қабылдау пункттерiнде немесе тiкелей алдын ала жиын пункттерiнде өткiзiледi.

      115. Алдын ала жиын пункттерi арқылы, әдетте, облыс аумағынан (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан) тыс орналасқан әскери бөлiмдерге тiркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жөнелту жүзеге асырылады.

      116. Тiкелей әскери бөлiмдерге немесе арнайы құралымдарға жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жiберiлген) мына азаматтар жiберiлуi мүмкiн:
      1) әскери бөлiмдерде және арнайы құрамаларда соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына көшiру кезiндегi бiрiншi кезектi жұмыстарды орындауға тартылатындар;
      2) бейбiт уақытта әскери бөлiмдердiң және арнайы құралымдардың азаматтық персонал штаттық лауазымдарында немесе жалдау бойынша (штаттық кестемен) жұмыс iстейтiндер және оларға тiркелгендер.

      117. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жiберiлген) ауылды жерлерде тұратын азаматтардың жиындарын және олардың алдын ала жиын пункттерiне жеткiзiлуiн поселкенiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкімдер) жүргiзедi. Көрсетiлген азаматтарды алдын ала жиын пункттерiне тапсыру әкiмдермен расталған атаулы тiзiмдер бойынша жүзеге асырылады. Атаулы тiзiмдермен бiр мезгiлде хабардар етiлмеген азаматтардың хабардар етілмеу себептерiнiң көрсетiлуiмен дербес шақыру қағаздары ұсынылады. Атаулы тiзiм үлгiсiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi белгiлейдi.

      118. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыруды және оларды жұмысқа жiберудi (оның iшiнде ерiктi түрде де) жергiлiктi әскери басқару органдары жүзеге асырады.

      119. Әскери бөлiмдерге тiркелген (арнаулы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жiберу) мүмкiн болмаған жағдайда жұмылдыру ұйғарымы жоқ азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жiберу) жүзеге асырылады. Аталған азаматтар толық және сапалы жасақтау мақсатында әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдарға жiберiледi.

      120. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жiберiлген) азаматтардың төлқұжаттары және өзге де құжаттары алынбайды.

      121. Азамат жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылды (жұмысқа қабылданды) деп оның әскери есепке алу құжаттарында шақыру (жұмысқа қабылдау) фактiсi ресiмделгеннен кейiн және азаматтың әскери бөлiм немесе арнайы құралым тiзiмiне енгiзiлуi және әскери лауазымға (азаматтық персонал лауазымына) тағайындалуы туралы бұйрыққа әскери бөлiмнiң немесе арнайы құралымның командирi қол қойғаннан кейін есептеледi.

      122. Ұйымдар басшылары жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарынан алынған хабарламалар негiзiнде  белгiленген тәртiппен жұмыстан шығарады.

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                               өткізу ережесіне
                                                   1-қосымша

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) мөртаңбасы

                              Анықтама

      Қолдаухатқа сәйкес____________________________________________
____________________________________________________________________
                    (министрлік, ведомство атауы)
19__жылы туған азамат_______________________________________________
20__ж."___"________20___ж."___"_______дейінгі кезеңге шетелге
қызметтік іссапарға жіберіледі.
      Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ 20___ж."___"_______
кешіктірмей азамат _________________________________________________
      Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери
қызмет туралы" Заңына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылу үшiн
қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаға (бөлiмге) келуге мiндеттi.
                           Азамат______________________________________________________________
шақыру учаскесiне тiркелуi туралы куәлiгi
____________________________________________________________________
қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармада (бөлiмде) сақталады

      Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) бастығы
                                              ______________________
                                               (әскери атағы, қолы)

      м.о.

       Шақыру бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастығы______________________
                                               (әскери атағы, (қолы)

      Әскерге шақырылушының шетелге қызметтiк iссапарға шығуы, оның
Қазақстан Республикасына оралу мерзiмi туралы ресiмделетiн
министрлiктiң (ведомствоның) белгiсi 20__ж."__"________

     м.о.
                                                       ____________
                                                          (қолы)

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне   
                                                  2-қосымша

       Әскерге шақырылушының (әскери қызметшiнiң) отбасы
                   жағдайын тексеру актici
                        20__ж."__"________

1. Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма (бөлiм) өкiлi
____________________________________________________________________
               (әскери атағы, лауазымы, аты-жөнi)

__________________________________, жергiлiктi атқарушы орган өкiлі
____________________________________________________________________
                          (лауазымы, аты-жөнi)
__________________бiлiм беру ұйымының және басқа да ұйымдардың өкiлi
____________________________________________________________________
                          (лауазымы, аты-жөнi)

құрамындағы комиссия________________________________________________
____________________________________________________________________
(әскерге шақырылушының (әскери қызметшiнiң) аты-жөнi, туған жылы)

___________________________________отбасы жағдайына тексеру жүргiздi

2. Әскери бөлiмнiң шартты атауы және мекен-жайы_____________________
____________________________________________________________________

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарына қандай шақыру комиссиясымен шақырылған
____________________________________________________________________

4. Әскери бөлiмге қашан жөнелтiлдi (жылы, айы)______________________
____________________________________________________________________

5. Қайда жұмыс iстедi (жоқ), оқиды (оқыған)_________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, жалақы мөлшерi, оқу орнының сыныбы, курс нөмiрі)

6. Әскерге шақырылуға дейiн асырауында кiмдi ұстады немесе ұстайды _
____________________________________________________________________

7. Тексерген күнi әскерге шақырылушының (әскери қызметшiнiң) отбасы
____________________________________________________________________

Р/с
N

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Тұрған жері

Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)

Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері

1

2

3

4

5

6

7








  8. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) тұрғын үймен
қамтамасыз етілуі___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

9. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасының күнкөріс
қаражатының көзі____________________________________________________

10. Ата-аналарынан бөлек тұратын аға-інілері мен апа-қарындастары___
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Р/с
N

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Тұрған жері

Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)

Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері

1

2

3

4

5

6

7








11. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) ата-анасына аға-
інілері мен апа-қарындастары жағынан қандай көмек көрсетіледі______
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

12. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасының мұқтаждығы,
отбасына кіммен және қандай материалдық көмек көрсетілді немесе
көрсетілуде ________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

13. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасылық жағдайына
тексеру жүргізуші комиссияның қорытындылары және ұсыныстары_________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
Комиссия мүшелерінің қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

14. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының
қорытындысы ________________________________________________________
____________________________________________________________________
м.о.
 

          Қорғаныс істері жөніндегі басқарма(бөлім) бастығы
                                               _____________________
                                                (әскери атағы, қолы)
 
20___ж."___"_____
 
15. Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының қорытындысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
м.о.

             Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы
                                            ________________________
                                              (әскери атағы, қолы)
 
20___ж."___"_____
 

                                          Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне   
                                                 3-қосымша      

Оқу орнының мөртаңбасы

                          Анықтама

19___жылы туған әскерге шақырылушы _______________________________
_________________________________________________________________
                            (аты-жөні)

20___жылы_________________________________________________________
_________________________________________ түсті және қазіргі кезде
__________________________________________________________________
                   (оқу орнының толық атауы)

күндізгі, кешкі (сырттай) бөлімінің __________ курсында (сыныбында)
оқитындығы туралы берілді.

      Оқу орнын бітіру мерзімі 20___ж.________
                                       (айы)

      Анықтама______________________________________________________
               (қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) атауы
                ______________________________ұсынуға берілді
 

                           ___________________________________
                    (оқу орны басшысының немесе орынбасарының қолы)

      м.о.

            Анықтаманы толтыру бойынша түсіндірме

      1. Анықтама оқу орнының қызметтік құжаттарды есепке алу
журналына тіркелуі және әскерге шақырылушыға қолхатпен берілуі тиіс.
      2. Анықтама алғашқы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың)
шақыру комиссиясынан өту кезінде әскери есепте тұрған қорғаныс
істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) әскерге шақырылушының өз
қолымен тапсырылады.
      3. Анықтамаға оқу орны басшысының немесе басшы орынбасарының
қолы қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
      4. Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер)
жыл сайын 1 қазанға дейін тиісті білім беру ұйымдарынан әскерге
шақырылушылардың оқуын жалғастыруын растайтын анықтамаға сұраныс
жасайды. Көрсетілген анықтамалар әскерге шақырылушының жеке ісіне
тігіледі.
 

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                         шақыруды ұйымдастыру және
                                             өткізу ережесіне
                                                  4-қосымша

20___жылғы
N________тізімдеме бойынша есепке алынды

        Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру
             комиссиясының хаттамалар кітабы
 
                  ________________________ облысы
                _______________________ ауданының (қаласының)

                                          20__ж."__"________басталды.

                                         20__ж."__"________аяқталды.
 

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Шағымдар (әскерге шақырылушының басқа да мәлімдемесі) Объективті, зертханалық және аспаппен  тексеру деректері,диагнозы Шақыру комиссиясының шешімі Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

             200____ж.__"__"__________N___________хаттама









   200__ж."___"_________барлығы әскерге шақырылудан      ___адам өтті.
Оның ішінде:
а) әскери қызметке жарамдысы                           ___адам;
б) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке уақытша
жарамсызы                                             ___адам;
в) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс
уақытында шектеумен жарамдысы                         ___адам;
г) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсызы  ___адам;
д) стационарлық тексеруге жіберілгені                  ___адам;
_____адамның әскери қызметке жарамдысы:
а) мерзімді әскери қызметке шақырылғаны                ___адам;
б) мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге
қалдырылғаны                                           ___адам;
оның ішінде:
а) отбасы жағдайы бойынша                              ___адам;
б) білімін жалғастыру үшін                             ___адам;
в) басқа да себептермен                                ___адам;
Шақыру комиссиясының төрағасы_________________________________
                                       (лауазымы, қолы)

Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары______________________
                                           (лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:       __________________________
                                   (лауазымы, қолы)
                                __________________________
                                    (лауазымы, қолы)
      Дәрігерлер                __________________________
                                          (қолы)
                                __________________________
                                          (қолы)
      Комиссия хатшысы          __________________________
                                          (қолы)

      Әскерге шақыру аяқталғаннан кейін шақыру комиссиясының
хаттамалар кітабында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
нәтижесінің жалпы қорытындысы мынадай үлгі бойынша жүргізіледі:

Хаттама нөмірі Күні Шақыру комиссиясы нан өтті Әскери қызметке жарамдылары Кейінге қалды- рылды Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыздары, соғыс уақытында шектеумен жарамдылары Әскери қызметке есептен шығарумен жарамсызы Тексерілуге жіберілгені
1 2 3 4 5

6

7

8









Барлығы







Тексерілуге жіберілгендерден анықталғаны








1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны








Пайыз








   Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі түсіндірмелер

      1. Шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол нөмірленген, тігілген болуға, оған қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолы қойылған, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталуға тиіс және мұрағатқа өткізілгеннен кейінгі 15 жыл бойы қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар құқығында сақталады. Адамдарға осы кітаппен жұмыс істеуге рұқсат ету қатаң шектеулі және қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының бұйрығымен жариялануға тиіс.
      2. Кітапқа жазбаларды медициналық бикелер қатарынан осы үшін арнайы дайындалған комиссия хатшысы жүргізеді. Барлық жазбалар сиямен анық және ұқыпты жүргізіледі. Өшірулер жүргізуге, сондай-ақ жазбалардың арасынан бос орын қалдыруға рұқсат етілмейді. Жіберілген қателер сиямен жөнделеді, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталады.
      3. Кітапқа бір күн ішінде шақыру комиссиясынан өткен, соның ішінде қосымша тексеруге жіберілген барлық әскерге шақырылушылар енгізіледі. Тексерілуден қайтқан әскери шақырылушылар шақыру комиссиясы түпкі шешім қабылдайтын күнге қайта жазылады. Екі жағдайда да кітапта тиісті жазбалар жүргізіледі:
      тексерілуге жіберілген кезде 6-бағанға: "N___қалалық ауруханаға қосымша тексерілуге жіберілсін, ал шақыру комиссиясынан қайта өткеннен кейін:»"Шақырылудан өтті" 200__ж.___N___ хаттама" деп жазылады;
      шақырылудан қайта өту кезінде кітаптың 2-бағанында аты-жөнінен төмен мыналар жазылады:»"Қайтадан, 20__ж."__"_________ N______ хаттаманы қараңыз."
      4. Егер шақыру комиссиясы шешімінің күшін жою қажет болса, онда кітаптағы осы шешім сызылмайды, "Шешім күшін жойды  20__ж."__"_______N_______ хаттаманы қараңыз" деп жазылады. Әскерге шақырылушы кітапқа қайта жазылады. Кітаптың 6-бағанына хаттамадағы шешімі жойылсын (жою себебі көрсетілсін) мыналар жазылсын:»"Шақыру комиссиясының 20__ж."__"______N____хаттамадағы шешімі жойылсын (жою себебі көрсетілсін)" және бұдан әрі шақыру комиссиясының жаңа шешімі жазылады.
      5. Әскерге шақырылушыларды арнайы командаларға қабылдау кезінде әскер тегін көрсеткеннен кейін осы командалардың нөмірлері көрсетіледі.
      6. Хаттамалардағы реттік нөмірлері: алымы - берілген хаттаманың реттік нөмірі, бөлімі (N 2 хаттамадан бастап) - шақырудың басынан бері шақыру комиссиясынан өткендердің реттік нөмірі.
      Мысалы, егер бірінші күні шақыру комиссиясынан 50 адам өтсе, онда N 2 хаттамада бірінші әскерге шақырылушының тұсына N 1/51 қойылады, бесіншінің тұсына  -N 5/55 және т.с.с.

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                             өткізу ережесіне    
                                                5-қосымша        

   _________ ___қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен)
        әскерлерге жөнелту үшін облыстық жиын пунктіне
              жіберілген N______әскери командаға
                          атаулы тізімі

Р/с
N
Т.А.Ә. Туған жылы Тағайындалды Әскери мамандығы ҚІБ (ҚІБ) әскерлерге жөнелту үшін келді (күні, айы, жылы) Командасының нөмірі, қашан және қандай әскери эшелонмен (командамен) әскерлерге жөнелтілді Ескерту

1

2

3

4

5 6

7

8










         м.о    Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы
                      ________________________________
                            (әскери атағы, қолы)

Атаулы тізімнің жасалуы бойынша түсіндірмелер

     1. Атаулы тізімді қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әрбір жөнелтілген командаға үш данадан жасайды.
      2. Тізімде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әрбір әскери команда үшін белгілеген нөмір көрсетіледі.
      3. Әскерге шақырылушыларды режимдік бөлімдерге жіберген кезде 4-бағанда Штабтар бастықтары комитеті белгілеген команда нөмірі көрсетіледі. Мысалы: "К-100, К-900 - оқу-жаттығу".
      4. 7-баған облыстық жиын пунктінде тізімнің бірінші және екінші даналарында толтырылады. Осы бағанда әрбір тегінің тұсына қорғаныс істері жөніндегі департамент командасының нөмірі, әскерге шақырылушы қашан және қандай әскери командамен әскерлерге жөнелтілгені көрсетіледі.

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне   
                                                 6-қосымша     

20__жылғы N____
тізімдеме бойынша есепке алынады

      Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге)
  ______________облыстық жиын пунктінен қайтарылған әскерге
              шақырылушыларды есепке алу кітабы

Р/с
N №
Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Әскерге шақырылушы қайтарылған қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) атауы Қайтарылу себебі

         20__ж."__"_____. »
 

       Облыстық жиын пунктінің бастығы
                                        _________________________
                                           (әскери атағы, қолы)
Кітапты жүргізу бойынша түсіндірме
1. Облыстық жиын пунктінен қайтарылған барлық әскерге шақырылушылар кітапқа жазылады.
2. Кітапқа жазуды облыстық жиын пунктінің бастығы жүзеге асырады.
3. Кітап қорғаныс істері жөніндегі департаментте 10 жыл сақталады.
 

                                              20__ж."__"_____басталды.
                                             20__ж."__"_____аяқталды.

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне    
                                                  7-қосымша        

      Қорғаныс істері жөніндегі
      департаменттің мөртаңбасы

      _________________қорғаныс істері жөніндегі департамент (бөлім)
бастығына
      ______________________________ облыстық жиын пунктінен әскерге

шақырылушы _________________________________________________________
                          (аты, әкесінің аты, тегі)

____________________________________________________________________
                        (себебі көрсетілсін)

      шақыру комиссиясында қайта қарау үшін қайтарылды.

      Қосымша: ______________________
                 (құжаттар тізбесі)

            Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы

                                             _______________________
                                              (әскери атағы, қолы)

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне    
                                                8-қосымша       

20__жылғы N___  тізімдеме бойынша
есепке алынды
 

   Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)
             шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы
 

                                           20__ж."__"______басталды.

                                          20__ж."__"______аяқталды.

Р/с
N

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Қай аудандық шақыру комиссиясы және қашан куәландырды. Комиссияның шешімі

Шағымдар (әскерге шақырылушынын басқа да өтініштері)

Объективті, зертханалық және аспаппен тексеру деректері, диагнозы

Облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

20 __ ж. "___" _____________ N ________ хаттама









  20__ж. "__"_____барлығы______________адам куәландырылды.
Соның ішінде:
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының ________
шешімі бекітілді;
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының ________
шешімі бекітілмеді;
Олардың ішінде танылды:
әскери қызметке жарамдысы                         _______адам;
бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсызы,
соғыс уақытында шектеумен жарамдысы               _______адам;
әскери қызметке әскери есептен шығарумен жарамсызы_______адам;
стационарлық тексерілуге мұқтаж                   _______адам;
әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мұқтаж         _______адам;

Комиссия төрағасы __________________________
                 (әскери атағы, лауазымы, қолы)
Комиссия төрағасының орынбасары:
                  ________________________
                         (лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:______________________________
                         (лауазымы, қолы)
                  ______________________________
                  ______________________________
дәрігерлер __________________________________
                               (қолы)
            _____________________________________
                               (қолы)
Комиссия хатшысы ________________________________
                               (қолы)

Ескертпе.
Облыстық шақыру комиссиясының хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі
талаптар аудандық шақыру комиссиясының хаттамаларын жүргізумен
бірдей.

                                         Азаматтарды әскери қызметке
                                          шақыруды ұйымдастыру және
                                              өткізу ережесіне   
                                                  9-қосымша      

   _________________қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
    жиын пунктінен ______________ өңірлік қолбасшылығының,
Қазақстан Республикасының әскерлері мен әскери құралымдарының
  қабылдау пункті бастығының қарамағына N_____әскери эшелонмен
           (командамен) жіберілетін әскери командаға
                         атаулы тізім
                 ___________________темір жолының
                   __________________станциясы 

Р/с
N

Т.А.Ә.

Туған жылы

Қандай қорғаныс  істері жөніндегі басқарма (бөлім) әскерге шақырды

Тағайындалды

Әскери мамандығы

Қорғаныс істері жөніндегі (бөлімге) әскерлерге жөнелту үшін келді (күні, айы, жылы)

Қандай жас буынды қабылдау пунктіне (қандай әскери бөлімге) жөнелтілді

1

2

3

4

5

6

7

8









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады