Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихаты аппаратының 2011.04.06 N 1-10/83 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде Бұқар жырау ауданы базарларындағы (1 қосымша) және эпизодтық сипатқа ие кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері үшін (2 қосымша) бір жолғы талондардың құны белгіленсін.
2. "Эпизодтық сипатқа ие кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлеріне және Бұқар жырау ауданының базарларындағы бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы" Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2 сессиясының 2003 жылғы 27 қарашадағы N 6 шешімі күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 1343 болып енгізілген, "Сарыарқа” аудандық газетінде 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 санында жарияланған).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының
міндеттерін атқарушы,
Мәслихат хатшысы А. ЖҮНІСПЕКОВ
Бұқар жырау
аудандық Мәслихатының
31 наурыздағы 2009 жылғы
13 сессиясының N 6 шешіміне
1 қосымша
Бұқар жырау ауданы базарларындағы бір жолғы талондардың құны
Базарлардың мамандандырылуы |
Сауда орнының түрі |
1 шаршы метр аумағына алым мөлшерлемесі % айлық есептік көрсеткіштен |
Азық–түлік |
Сөре |
2 |
Ет сөре |
3 |
|
Сүт |
2 |
|
Өнеркәсіптік |
Сөре |
2 |
Қолдан |
2 |
Бұқар жырау
аудандық Мәслихатының
31 наурыздағы 2009 жылғы
13 сессиясының N 6 шешіміне
2 қосымша
Эпизодтық сипатқа ие кәсіпкерлік қызметтің
жекеленген түрлері үшін бір жолғы талондардың құны
N |
Эпизодтық сипатқа ие кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері |
Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған бір жолғы талонның бағасы, ең төмен есептік көрсеткіштің процентінен |
1. |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда): |
|
Газеттер мен журналдар |
7 |
|
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
10 |
|
Бақша дақылдарын |
13 |
|
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді |
10 |
|
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін |
4 |
|
Жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық |
4 |
|
2. |
Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызмет |
24 |
3. |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жұзеге асыратын жеке тұлғалар |
4 |