Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының 2011.04.20 N 2-35/86 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 383 бабына сәйкес және 387 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкасы базалық ставкалардан 50 процент мөлшерінде жоғарлатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
хатшы Қ. Саққұлақов