2009 жылға жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 106 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 ақпанда N 8-15-98 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 2-35/86 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының 2011.04.20 N 2-35/86 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 383 бабына сәйкес және 387 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкасы базалық ставкалардан 50 процент мөлшерінде жоғарлатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      хатшы                                      Қ. Саққұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады