Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2010.07.30 N 255 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін (қоса тіркелген).
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының N 203 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" шешімінің (2006 жылғы 17 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-33 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 шілдедегі "Сельский труженик" газетінің N 30 (6993) санында жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Бурков
Хатшы К. Саккулаков
Осакаров аудандық мәслихатының
2009 жылғы 8 қыркүйектегі
19 сессиясының N 172 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін белгілейді.
Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Тұрғын үй жәрдемақысы - тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ телекоммуникация қызметі үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
2) отбасы - заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
3) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші);
4) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша уәкілетті орган - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай – Бөлім);
6) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
7) телекоммуникация желісінің абоненті - телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы, жеке тұлға;
8) телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі – Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) – тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2007 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы;
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, соның ішінде кондоминиум объектісінің жалпы мүлігінің күрделі жөндеуін қосқанда, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді (жыл сайын мәслихаттың шешімімен сәйкесінше жылға бюджетті бекіту кезінде белгіленеді).
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
3. Тұрғын үй жәрдемақысы уәкілетті органмен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерде беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
үй отыны бар жағдайда – 5 килограмм;
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда - айына 8 килограмм;
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 225 килограмм, 5 қабатты салынған үйлерге 134 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 7 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
"Қайырымдылық үйі" үшін жылу берудің 1 шаршы метр бағасы 222 теңге 43 тиын құрайды.
3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
4) тұрғын үй жәрдемықысын алушылардың кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасауға жұмсалатын қаражаттары кондоминиум объектісінің жалпы көлемімен жәрдемақы алушының жекеменшік көлемінің теңдігі жолымен анықталады.
Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасау кезегі пәтерлердің иелеріменен жалпы жиналыста бекітіледі.
4. Телекоммуникация желісінің абонентіне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген "телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер".
5. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі
6. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған сексен жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір және одан да көп), сонымен қатар 4 және оданда көп бала, кенже баласы 1 сынып бітіргенше (бірақ 9 жастан аспаған) балаларды тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
9. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
11. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшасыз және ақшалай түрінде көрсетіледі. Ақшасыз түрі - ол тұрғын үй жәрдемақысының соммасына тең сомма тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін төлемді азайту. Тұрғын жәрдемақысының соммасы коммуналдық қызметтер қамтамасыз етушілерге аударылады.
Ақшалай түрі ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі. Тұрғын үй жәрдемақысы төлемі бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың салым бойынша шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды төлеу уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй жәрдемақысы үлгісін (ақшалай немесе ақшасыз) тандау құқығы алушыға ұсылынады.
12. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
13. Бөлім тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып, берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін әлеуметтік комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
14. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
15. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынып отырған отбасылар, тұрғын үй жәрдемақыны құжаттарды фактіге негізделген мерзімінен тәуелсіз тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
16. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде Бөлімге хабарлауы керек.
17. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
18. Жәрдемақыға құқықтыларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі
19. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органмен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келесі құжаттармен өтінеді:
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың инвентарлық және кадастрлық нөмірімен белгіленген көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар) (жылына 1 рет);
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі (тоқсанына 1 рет);
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
8) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
20. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
21. Қажеттілігіне қарай Бөлім тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
23. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
24. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақы алушысының телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
6. Жиынтық табысты есептеу тәртібі
25. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрі - Жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын Бөлім.
26. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есепті кезенде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
27. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсандағы (бұдан әрі - Есепті кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиытнтық табысына есептеледі.
29. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
30. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
31. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал немесе құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанандағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
33. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайданылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлері:
дәрілік препараттар;
санаторий-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар(жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру.
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндықбағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсуалығына және мүлкіне келтірген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
13) мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақтың құны мен "Всеобуч" қорынан көрсетілетін көмек, аз қамтылған азаматтарға ақшалай немесе заттай түрінде азық-түлік тағамдарының бағасы өсуіне байланысты көрсетілетін көмек.
8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс
34. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептегі, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішіндегі кесімді, мерзімді, сондай ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлық ақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (қаржыландыру көзіне қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
маусымдық жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
1) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік - құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушасынан айырылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
1, 2 топтағы жалғызбасты, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
заңдарында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 33 тармағының 10 тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік - құқықтық актілерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгіленген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
35. Жиынтық табыстың құрамында қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
36. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және де басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
37. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және тағы басқаларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлес пен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс берген кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
38. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың сананы бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
39. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
40. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсылынатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескіріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзі - өзін жұмыспен қамтудан.
41. Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардан жиынтық табысы олардың келісім шарттың көшірмесімен, жалдаушының анықтамасымен немесе өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
42. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтын табысы жазбаша өтінішпен расталады.
43. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайтылған декларация негізінде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс
44. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
45. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
46. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
47. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
48. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
49. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
50. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
51. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағиданың 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларының негiзiнде есептейдi.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
52. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Қағидаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
53. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
54. Осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
55. Осы Қағиданың 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
56. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
12. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс
57. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
58. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
59. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
60. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын
үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және
әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға
телекоммуникация қызметі үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидасына
1-қосымша
Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI
2. Қуаң дала аймағы |
|
Қарағанды облысы |
1. Осакаров ауданы |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және
әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға
телекоммуникация қызметі үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидасына
2-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
30 |
583 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары) |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмырт қаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
1900 |
21034 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|||
Шошқалар (шошқа еті) |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|||
Жүзім |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және
әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға
телекоммуникация қызметі үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидасына
3-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
10 |
226 |
|||
Арпа |
15 |
174 |
|||
Қарамық |
8 |
153 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
10 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
84 |
|||
Картоп |
70 |
1102 |
|||
Көкөнiстер |
90 |
1249 |
|||
Бақшалар |
85 |
458 |
|||
Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
22 |
525 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары) |
20 |
498 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
20 |
564 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге |
1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. x 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. - 3-бағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
1100 |
19944 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
165 |
16016 |
|||
Шошқалар (шошқа еті) |
110 |
8462 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,25 |
1200/105 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
138 |
6044 |
|||
Түйе (түйе еті) |
1140 |
2925 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және
әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға
телекоммуникация қызметі үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидасына
4-қосымша
АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ
ЖАСЫ
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру және
әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға
телекоммуникация қызметі үшін абоненттік
ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы
берудің Қағидасына
5-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ___________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы _________________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
х |
х |
||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
х |
х |
х |
х |
200__ж. "__"_________ ____________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
__________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)