Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 255 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 3 қыркүйекте N 8-15-127 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 04 мамырдағы N 350 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011.05.04 N 350 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін (қоса тіркелген).
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 қыркүйектегі N 172 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және әлеуметтік қорғалынатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қазандағы "Сельский труженик" газетінің N 42 (7162) санында жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И. Шакирбеков

      Хатшы                                      К. Саккулаков

Осакаров аудандық мәслихатының
2010 жылғы 30 шілдедегі
33 сессиясының N 255 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ

      Осы Осакаров ауданының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы  N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес әзірленді және отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібін анықтайды.
      Ескерту. Kіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 300 (алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі келесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі:
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының өсу бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған өтемақы;
      тұрғын үйді ұстау;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      жергілікті жеке тұрғын үй қорынан үй жалдаушылар тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуі тиіс;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе алдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының және байланыс қызметтерінің өсуі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 300 (алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда беріледі, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, соның ішінде кондоминиум объектісінің жалпы мүлігінің күрделі жөндеуін қосқанда, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі.
      Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 процент мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді (жыл сайын мәслихаттың шешіміне сәйкес жылдық бюджетті бекіту кезінде белгіленеді).
      Осы Ережеде мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі – халықтың аз қамтылған тобына тұрғын үй шығындарын өтеу үшін, қосымша ағымдағы кондоминиумның жалпы нысанынына күрделі жөндеу жүргізу, коммуналдық қызметтерді пайдалану, сонымен қатар абоненттік төлем тарифтерінің өсуі бойынша әлеуметтік қорғалатын азаматтарға көрсетілетін көмек түрі;
      2) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді жалға алу ақысының өсу бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған өтемақы, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының орташа айлығының жиынтық кірісіне пайыздық қатынасы;
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету белгісі болып табылады;
      3) отбасы - мүліктік және мүліксіз құқықтар мен міндеттер байланыстыратын, некелі бала, туыстық, асырап алу немесе басқа да себептермен балаларды тәрбиелеуге шешім қабылдаған, бірге тұратын және белгіленген заңнама бойынша бір мекен-жай бойынша тіркеуде тұрған тұлғалар ортасы;
      4) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке басы немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      5) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы (бұдан әрі - жиынтық табыс);
      6) тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай – бөлім);
      7) коммуналдық қызметтер - бұл тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) сумен қамтамасыз ету және канализация, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау, оның ішінде қатты отын, үйді ұстау, қоқыс тазалау қызметін ұсынады;
      8) арнайы комиссия – уәкілетті органның жанындағы даулы, таласты, стандартқа жатпайтын жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тоқтату сұрақтарын қарастырады;
      9) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке иелік етудің бірыңғай мүліктік (кондоминиум объектісі), заңды тұлғалардың, мемлекеттің, азаматтардың меншігіндегі бөлінген жеке меншігі, ал жалпы мүлік олардың жалпы үлестік меншіктерінің құқықтарына жататын меншіктің ерекше түрі;
      10) кондоминиум нысандарын басқаратын орган - кондоминиум объектілерін қаржыландыру функцияларын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      11) төлем шоттары – бұл шот, түбіртек, хабарлама, коммуналдық қызметтер төлемі туралы анықтама, тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығындар, тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде қызметті жеткізушілермен, өтініш берушілермен ұсынылады;
      12) кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеу жүргізу - кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеу жүргізудің жеке түрі:
      іргетас, сыртқы қабырғалар және болмашы құрылыстар;
      жабынды (шатыр);
      баспалдақтар (алаңдар, жорықтар) және ішкі қабырғалар;
      13) телекоммуникация желісінің абоненті - телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы, жеке тұлға;
      14) телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы) – тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органымен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      газ тұтыну мөлшері:
      баллонды газ пайдалану фактілік шығындары, жеткізушілердің қызметін қосып есептелінеді (түбіртек, анықтама, чек) бірақ, бекітілген норматив бойынша бір адамға айына газдың сыйымдылығы (айына 8 килограмнан көп емес) болуы тиіс;
      орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
      қатты отын тұтыну мөлшері:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлер үшін 98 килограмм, 1985 жылға дейін салынған үйлерге, 1-2 қабатта салынған үйлерге 125 килограмм, 3-4 қабатта салынған үйлерге 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 7 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
      отбасына электр қуатын тұтыну мөлшері:
      газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасы бар үйлерде – 250 киловатт.
      "Қайырымдылық үйі" үшін жылу берудің 1 шаршы метр бағасы 222 теңге 43 тиын құрайды.
      3) cуық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және тағы басқа) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      4) тұрғын үй көмегін алушылардың кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасауға жұмсалатын қаражаттары кондоминиум объектісінің жалпы көлемімен көмек алушының жеке меншік көлемінің теңдігі жолымен анықталады.
      Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасау кезегі пәтерлердің иелеріменен жалпы жиналыста бекітіледі.
      4. Телекоммуникация желісінің абонентіне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
      Аудару белгіленген тәртіппен бекітілген "телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер".
      5. Тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
      7. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе үстінен жалдайтын отбасылары тұрғын үй көмегін алу құқығынан шеттетіледі.
      8. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған сексен жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір және одан да көп), сонымен қатар 4 және оданда көп бала, кенже баласы 1 сынып бітіргенше (бірақ 9 жастан аспаған) балаларды тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса және еш жерде жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында қызметін өткермейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ..
      9. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй көмегі туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда көмекке үміткер тұлға оны сот арқылы шешуге құқылы.
      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару сомасынан артуы тиіс емес.
      11. Тұрғын үй көмегі ақшасыз және ақшалай түрінде көрсетіледі.
      Ақшасыз түрі - ол тұрғын үй көмегінің соммасына тең соммада тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін төлемді азайту. Тұрғын үй көмегінің соммасы коммуналдық қызметтер қамтамасыз етушілерге аударылады.
      Ақшалай түрі төлемдер түрінде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегінің төлемі бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына аудару жолымен көмектерді төлеу уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегі үлгісін (ақшалай немесе ақшасыз) таңдау құқығы алушыға ұсылынады.
      12. Есеп шотқа тұрғын үй көмегінің сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй көмегінің сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
      13. Бөлім тұрғын үй көмегін алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындауды тоқтатып, бермеуге құқылы. Тұрғын үй көмегін тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін әлеуметтік комиссия тұрғын үй көмегін алушының қатысуымен қарайды, комиссия шешімінің көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
      14. Тұрғын үй көмегіннің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері

      15. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелу құжаттары алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынып отырған отбасылар, тұрғын үй көмегін құжаттарды фактіге негізделген мерзімінен тәуелсіз тоқсанға алады.
      Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй көмегін есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күннің ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде бөлімге хабарлауы керек.
      17. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған көмегі тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
      18. Көмекке құқықтыларды анықтау кезінде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органмен қатар, "Қарағанды облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы" Мемлекеттік Мекемесінің филиалына келесі құжаттармен өтінеді:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) әлеуметтік жеке код;
      4) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың инвентарлық және кадастрлық номерімен белгіленген көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатып алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар) және үй аумағының мөлшерін растайтын құжаттар (техникалық паспорт) (алғаш жүгінген кезінде) (жыл сайын);
      5) отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы) (тоқсанына 1 рет);
      6) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың көшірмесі (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда);
      7) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
      8) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер төлемі жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (шот, түбіртек, анықтама, чек);
      9) өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін анықтайтын (келісім-шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      10) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
      11) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      12) тіркелген жылжымайтын мүлікке иелігі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
      20. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесімен салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарып беріледі.
      21. Қажеттілігіне қарай бөлім тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
      22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй көмегін беру жөнінде келісім - шарт жасалады. Келісім - шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім - шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      23. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқылы, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
      24. Көмек мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй көмегін алушының телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй көмегі алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.

6. Жиынтық табысты есептеу тәртібі

      25. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын бөлім болып табылады.
      26. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашалақты бірге жүргізетін және бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі. Есептік кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      27. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсандағы (бұдан әрі - есептік кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есептеледі.
      28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептелінеді.
      29. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, көмектер бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептелінеді.
      30. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      31. Жан басына шаққандағы орташа табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.

7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері

      32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) табыстар, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан- мал немесе құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыстар, осы Ереженің 12 бөлімінде көрсетілген.
      33. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайданылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
      7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін заттай көмек түрлері:
      дәрілік препараттар;
      санаторий-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүріп-тұру құралдары (кресло - арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
      білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру;
      11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмегі;
      12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсуалығына және мүлкіне келтірген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      13) Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы заңнамасына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсету;
      14) тамақтану азық – түлік бағаларының өсіп кетуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға заттай және ақшалай көмек көрсету.

8. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар

      34. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Ереженің 33 тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушінің еңбекақы ретінде есебі, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлері, оның ішіндегі кесімді, мерзімді, сондай ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйақылар, қосымша ақылар, үстемақылар (қаржыландыру көзіне қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
      маусымдық жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
      уақытша, мерзімдік және қоғамдық жұмыс істеген кезеңде жұмыс істеген жұмысшылардың жалақысы алған мерзімінен бастап жиынтық есепте есептелінеді. Жалақысы жоқ кезеңде жиынтық табыс оны қоспай есептеліне береді;
      сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берілетін көмектерден басқа, жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
      мерзімді қызметтегі әскери қызметкелердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметкерлердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет атқарып жүргендердің оның ішінде ішкі істер органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санатының үстемақылары мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
      жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
      жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады.
      2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік - құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
      мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек;
      арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы көмек;
      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
      жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі көмек;
      1, 2 топтағы жалғызбасты, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік көмекке қосылатын, күтімге арналған қосымша үстемақылар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
      заңнамаларға және өзге де нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес берілетін, осы Ереженің 33 тармағының 10 тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
      осы бөлімде көрсетілген көмек, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік - құқықтық актілерінде белгіленген, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгіленген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемақылар мен қосымша ақылар.
      35. Жиынтық табыстың құрамында қызметкер еңбек және қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      36. Азаматтық - құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және де басқа да) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есептік кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      37. Азаматтық - құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және тағы басқаларын жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебінде аванспен төленетін сыйақылар, аванс берудің бүкіл кезеңінде (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейінгі қолданылу кезеңінде (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
      38. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рациоталдаулық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасынан алынған айлардың санын бөлуден алған үлес мөлшерінде қосылады және есептік кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
      39. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезеңінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар

      40. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
      1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
      2) тауарлық - материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жармасынан алынған.
      Шаруа қожалық мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан.
      41. Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардан жиынтық табысы олардың келісім - шартының көшірмесімен, жалдаушының анықтамасымен немесе өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      42. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
      43. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайтылған декларация негізінде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыстар

      44. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      45. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      46. Егер ата - анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      47. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде болмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
      48. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыстар

      49. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      50. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
      51. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ереженің 2345 қосымшаларының негiзiнде есептейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      52. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 23-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      53. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептiк кезеңінде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      54. Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және тағы да басқа) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      55. Осы Ереженің 54 тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептiк кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      56. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

12. Жиынтық табысты есептеу кезеңiнде есепке алынатын өзге табыстар

      57. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
      58. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      59. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      60. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
Өтініш

      Тұрғын үй – коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны үшін және үйді күтуге жұмсалатын қаражаттың есесін қайтару көмегі бойынша, өтініш берушіні қосқанда ______ тұратын менің отбасыма тұрғын үйді ұстауға, қатты отын мен жалдау ақысын, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің бөлігіне төленетін шығындарды төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды өтінемін.
      Мен, және менің отбасы мүшелерім, көрсетілген мекен-жайдан басқа үй атымызда тіркелмегенін растаймыз және отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтерді тұрғын үй көмегі бөліміне беруге келісіміміздің дәлелі ретінде, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілуге жататын табыстары туралы ақпараттарды ашуыңызға рұқсат береміз.
      Маған, тұрғын үй иесі (жалдаушы) тұрғындарды әлеуметтік қорғау орталығына көтеріңкі немесе заңсыз өтемақы тағайындауға әкелген жалған мәліметтерді көрсеткенім үшін көмек алу құқығынан айырылатыным жайлы, заңсыз алынған тұрғын үй көмегінің сомасы заңда көрсетілген тәртіп бойынша қайтарылуға жататыны, ал қайтармаған жағдайда сот арқылы шешілетіні туралы ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қосымша тапсырамын.
      Тапсырылған құжаттардың дұрыс екендігінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 1 тармағының 177 бабына және 3 тармағының 325 бабына сәйкес екендігімен таныстым.

Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Жеке куәлігінің мәліметтері _________________________________________
           (туған жылы, айы, күні, жеке куәлігінің N, берілген күні)
СТН ______________________________ ӘЖК ______________________________
Мекен-жайы _________________ көшесі _______________________
үй, ________________________ пәтер __________________ телефон _______
Керек жабдығы __________________________ түрі _______________________
      (пәтер меншіктерінің кооперативтері) (жеке меншік, мемлекеттік)
Жалпы аумағы ____________ шаршы метр.
Бөлме саны ______________________________________________
Әлеуметтік мәртебесі _________________ отбасы жағдайы _______________
Жеке меншік бір үйім бар.

Өтініш берушінің қолы ________________
Берілген күні ________________________

Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аймақтық аудандардың
ТIЗБЕСI

2. Қуаң дала аймағы

Қарағанды облысы

1. Осакаров ауданы

Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы

Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердің 1 соткасының орташа түсiмi, кг

жердің 1 соткасының жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнімділік кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-ағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар (шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын
үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
5 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
типтік жеке нормативтік карточкасы

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

      20___ж. "__"_________ ________________________
                            (өтiнiш берушiнiң қолы)

      ______________________________________________
         (есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады