Ескерту. Күші жойылды 27-бабына сәйкес 1998.03.24 № 213 ҚР Заңымен - Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009.06.16 № 1118 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына , Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (9-1-25 нөмірі бойынша, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 28 қазандағы № 123 "Қостанай" газетінде жарияланған), 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 108 "2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен (9-1-38 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 03 наурыздағы № 25 "Қостанай" газетінде жарияланған), 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 931 "2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен (9-1-81 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 29 мамырдағы № 42 "Қостанай" газетінде жарияланған), 2007 жылғы 31 шілдедегі № 1924 "2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (9-1-87 нөмірі бойынша Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 11 қыркүйектегі № 71 "Қостанай" газетінде жарияланған) қаулысымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығының 10-тармағында :
"бір жарым" деген сөздер "екі есе" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Жүндібаевқа жүктелсін.
Қала әкімінің Б. Жақыпов
міндетін атқарушы