Ескерту. Күші жойылды 27-бабына сәйкес 1998.03.24 № 213 ҚР Заңымен - Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009.06.16 № 1118 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы N 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру yшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы, 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 108 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы N 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру yшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, тіркеу нөмірі 9-1-38, "Қостанай" газеті 2006 жылғы 03 наурыздағы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша:
10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу yшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын, жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалақы көлемінде оларға еңбекақы төлеуге жұмыс берушілердің шығындары қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.".»
2. Осы қаулы 2007 жылдың 01 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х. Ержановқа жүктелсін.
Қала әкімі
Әкімдік мүшелері:
КЕЛІСІЛГЕН: