Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімиятының 2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 17 қазанда № 9-1-25 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 1118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды 27-бабына сәйкес 1998.03.24 № 213 ҚР Заңымен - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.06.16 № 1118 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде Қостанай қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн.
      2. Қостанай қаласы әкiмдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (тiркеу нөмiрi 2794, "Қостанай" газеті 2004 жылғы 11 наурыздағы № 32, Қостанай қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 653 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі № 2981; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 232 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 3383; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 маусымдағы № 660 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-14, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсiн.

      Қала әкімі

Қостанай қаласы әкiмдігінің  
2005 жылғы 3 қазандағы       
№ 1276 қаулысымен бекітілген 

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн немесе қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеудi қаржыландыру тек қана жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ұйымдардан басқа ұйымдармен есеп айырысу жүйесi мен негiзгi талаптарды реттейдi.
      2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiлердiң жұмысқа қабылданған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының iшiнара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен берiлетiн жұмыс орны;
      2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгiленген адамдар тобы;
      3) жастар тәжірибесі - жұмыс тәжірибесі жоқ, бастауыш, орта және кәсіптік жоғары оқу орындарының бітірушілерін, алған мамандықтары бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жұмыстарын, тәжірибелік білім, шеберлік, дағдыларын алу мақсатында уәкілетті органның жолдауы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру;
      4) ең төменгі еңбекақы - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшері.
      Ескерту. 2-тармақ 3)-тармақша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2006.01.26 № 108 қаулысымен.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Заңнамалары тарайды.
      4. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседi.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi

      5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын қалалық бюджет қаражаты есебiнен iшiнара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушiлермен анықталады немесе құрылады.
      6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және оларға еңбекақы төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия жазбаша арыздары негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2006.01.26 № 108 қаулысымен.
      7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда нысаналы топтарға кiретiн күнкөрiстерi төмен жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру талаптары және көздерi

      9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделiлiгi мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушiмен ай сайын жүзеге асырылады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу үшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын; жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалағынын екі есе көлемінде еңбекақы.
      Ескерту. 10-тармағы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2007.07.31 № 1924 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2009.01.29 № 188 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      11. Бюджет қаражатын аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есеп шотына жүргiзiледi.
      12. Жұмыс берушіге, әлеуметтік салық және әлеуметтік аудару шығындары шектелінген еңбекақы қала бюджет қаражатынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаражатына өтеледі.
      Ескерту. 12-тармағы толықтырылды - Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімдігінің 2007.07.31 № 1924 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      13. Жұмыс берушiлер еңбекақыға төлеген шығынын қалалық бюджеттен қайтару үшiн Уәкілетті органға ай сайын жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесiн, жұмыс уақытының есеп табелiн, еңбекақы есептеу тiзбесiн, орындалған жұмыстың кесiмiн берiп отырады. Әлеуметтiк жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға жалақы нақтылы iстелген жұмыс үшiн төленедi.
      14. Жұмыс берушiлер қалалық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.

4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiн бақылау

      15. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады