Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.09.29 № 1851 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына және 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысының 120-тармағына сәйкес, ішкі нарықты өніммен молықтыру және тұтыну базарларда бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сауда қызметін көктемгі-күзгі маусымда реттеу мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы" 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына (9-1-108 нөмірі бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімнің тізілімде тіркелген, 2008 жылғы 3 шілдедегі "Қостанай" газетінде жарияланды) мына толықтырулар енгізілсін:
1-қосымша мына мазмұндағы пункттермен толықтырылсын:
"63. 7 шағын аудан, № 15 үйдің сол жағы;
64. 5 шағын аудан, № 9 үйдің сол жағы,
65. Волынов көшесі, № 13 үйдің фасады;
66. Гоголь көшесі, "Бородинский" дүкенінің ауданы;
67. Садовая, 11 көшесі, "Ыстық нан" дүкенінің ауданы;
68. Воинов-Интернационалистер көшесі, 4а үйінің қасбеті;
69. Дулатов және Победа көшелерінің қиылысы, сквер ауданы;
70. Амангелді поселкесі, "Ритм" дүкеннің ауданы;
71. Әл-Фараби даңғылы, "Радуга" дүкеннің қасбеті;
72. Герцен көшесі, 36, "Оазис" дүкеннің маңында;
73. Курганская көшесі, "Любимая Ева" дүкеннің қасбеті;"
осы қаулының 1-тармағы мына мазмұндағы 5-тармақпен "5) ауыл аймақтарынан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін іске асыру үшін, 4-1) қосымшаға сәйкес" толықтырылсын;
"Автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда ауыл аймақтардан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін көшпелі сатуды жүзеге асыру үшін орындардың тізбесі" 4-1 қосымшасымен толықтырылсын (қосымшаға сәйкес).
2. "Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі ауда орындарын анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 953 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы, оны алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелсін.
Қостанай қаласының әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенінде Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) |
"Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) |
Қостанай қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 29 маусымдағы
№ 1268 қаулысына қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
№ 1350 қаулысына 4-1 қосымша
Автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда ауыл аймақтардан жеткізілетін жұмыртқа және сүт өнімдерін көшпелі сатуды жүзеге асыру үшін орындардың
тізбесі:
1. "№ 25" дүкені ауданы;
2. "Мереке" дүкені ауданы;
3. Әл-Фараби даңғылы, "Колос" дүкені ауданы;
4. Жастар көшесі, 8 және 9 шағын ауданы;
5. В. Интернационалистер көшесі, "№ 15" дүкені ауданында, № 4а
үйдің қасында;
6. Победа көшесі, "Отау Сауда" орталық базар ауданы;
7. Қайырбеков көшесі, "Рассвет" дүкені ауданы;
8. Текстильщиков көшесі, № 18 үйдің қасында.