Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 28.07.2009 № 237 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2008 жылғы 29 ақпандағы № 59 "Базарларда тауарларды өткізу құқығына және ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-101, 2008 жылғы 11 сәуірде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде 40 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясына жүктелсін";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшадағы:
кестенің 2-нөміріндегі жолы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс
сессиясының төрағасы И. Шульга
Қалалық
мәслихаттың хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ