Мәслихаттың 2008 жылғы 29 ақпандағы № 59 "Базарларда тауарларды өткізу құқығына және ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 168 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда № 9-2-124 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 28.07.2009 № 237 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2008 жылғы 29 ақпандағы № 59 "Базарларда тауарларды өткізу құқығына және ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-101, 2008 жылғы 11 сәуірде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде 40 нөмірмен жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      
      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясына жүктелсін";
      көрсетілген шешімнің 2-қосымшадағы:
      кестенің 2-нөміріндегі жолы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихаты тексеру комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       И. Шульга

      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады