Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 23 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 370 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда № 9-2-134 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 23 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-121, 2009 жылғы 13 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде № 6 болып жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мына мазмұндағы 14), 15), 16)- тармақшалармен толықтырылсын:
      "14) ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      15) курстық дайындық, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімінің түлектері.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

О внесении дополнений в постановление акимата от 26 января 2009 года № 23 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2009 году"

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 27 марта 2009 года № 370. Зарегистрировано Управлением юстиции города Рудного Костанайской области 8 мая 2009 года № 9-2-134

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата "Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2009 году" от 26 января 2009 года № 23 (номер в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 9-2-121, опубликовано 13 февраля 2009 года в газете "Рудненский рабочий") следующие дополнения:
      пункт 1 вышеуказанного постановления дополнить подпунктами 14), 15) следующего содержания:
      "14) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией организации, сокращением численности или штата работников;
      15) выпускники курсовой подготовки, начального, среднего и высшего профессионального образования".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Рудного Ишмухамбетова А.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Рудного                        Н. Денинг