Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 23 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шараларды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-121, 2009 жылғы 13 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде № 6 болып жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мына мазмұндағы 14), 15), 16)- тармақшалармен толықтырылсын:
"14) ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
15) курстық дайындық, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімінің түлектері.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ