Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012.06.09 № 693 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-4-тармақтарына, 18-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1588 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-94, 2008 жылғы 4 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақта "жеке" сөзі алынып тасталсын;
8-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтік жұмыс орындарына және "жастар практикасына" жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджет қаражатын аудару бойынша есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг