Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный каласының әкімдігінің 2009 жылғы 22 қарашадағы № 1588 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 желтоқсанда № 9-2-94 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный каласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 693 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный каласы әкімдігінің 09.06.2012 № 693 қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-4-тармақшасына18-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-35, 2006 жылғы 22 ақпанда "Рудненский рабочий" газетінде № 15 болып жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 521 "Әкімдіктің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-57, 2006 жылғы 23 тамызда "Рудненский рабочий" газетінде № 68 болып жарияланған қаулысымен, Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 45 "Әкімдіктің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 3 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-75, 2007 жылғы 13 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде № 21 болып жарияланған қаулысымен өзгерістер енгізілді) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                           Н. Денинг

Рудный қаласы әкімдігінің  
2007 жылғы 22 қарашадағы   
№ 1588 қаулысымен бекітілді

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулық

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыруды ұсынатын ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтілетін жұмыс орны;
      2) "жастар практикасы" - олар практикалық тәжірибеге, білімге, дағдыға ие болу мақсатында, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімдерімен курстық дайындық түлектерін, бұрын алған кәсібі бойынша стажы және жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыспен қамтылмаған жастарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері тарайды.
      4. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай – уәкілетті орган) жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасайды.
      5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру уәкілетті органның жолдамасымен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету шарт талаптары бойынша кәсіптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемдері және еңбекақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздері болуы керек.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басым құқыққа ие.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады, ол орындалған жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты болады.
      Ескерту. Нұсқаулықта 7-тармақта өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.05.25 № 740 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына және "жастар практикасына" жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджет қаражатын аудару бойынша есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
      Ескерту. Нұсқаулықта 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009.05.25 № 740 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады. Осы нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде жұмыссыздардың еңбекақысынан әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған жұмыс берушілердің шығындары жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттарынан өтеледі.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыстарын қайтару үшін жұмыс берушілер уәкілетті органға ай сайын орындалған жұмыстардың актісін, есебін, жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады