Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестікке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
"орта және бастауыш кәсіби білімі бар түлектер;
ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
бұдан бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар;
елу жастан асқан жұмыссыздар".
2. Әкімдіктің "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-99 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 30 қаңтарында "Арқалық хабары" газетінде жарияланған, бұдан бұрын 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 151 "Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы", Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-109 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" газетінің 2009 жылдың 15 мамырында 19 (248)-нөмірінде жарияланған қаулысымен толықтырулар енгізілген) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласының әкімі Т. Төлеубаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдармалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығының міндетін
атқарушы
________________ М. Сүлейменова