Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қаңтарда № 9-3-99 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 330 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009.09.24 № 330 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесі  қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

      Қала әкімі                               А. Мұхитбеков

      КЕЛІСІЛДІ

Арқалық қаласы әкімдігінің 
2009 жылғы 14 қаңтардағы  
№ 28 қаулысына қосымша   

Халықтың нысаналы
топтарының 2009 жылға арналған тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту толықтырылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009.04.27 № 151 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Табысы аз адамдар;
      Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата- ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      Мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      Оралмандар;
      Жиырма тоғыз жасқа дейінгі кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар, бастауыш, орта, жоғары кәсіби білімдері бар түлектер;
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
      Елу жастан асқан адамдар;
      Жұмыс беруші (заңды тұлға) таратылған не жұмыс беруші (жеке тұлға) қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылғандар;
      Қызметкерлерге саны немесе штаты қысқартылуына байланысты босатылғандар;
      Толық емес жұмыс уақытының режимінде жұмыс істейтін тұлғалар;
      Жеті жасқа дейін бала күтімімен отырған, оның ішінде аз қамтылған немесе жұмыссыз тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады