"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 142 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-138 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 наурыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. "Халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері қатарынан: оралмандардың, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың, жетім балалардың, олар жоғары медициналық немесе педагогикалық білім алуға байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстарымен отбасылардың жастарына біржолғы әлеуметтік көмек, мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, ағымдағы оқу жылына оқу құнының мөлшерінде жоғары кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдердің өзге түрлерін алушылары болып табылатын тұлғаларды қоспағанда";
2-қосымшада 1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері қатарынан жастарға біржолғы әлеуметтік көмекке:
оқу орнын және оқу жылының аталған семестрінде оқуға төлемақының мөлшерін растайтын құжат;
оралмандарға, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың балаларына, жетім балаларға – мәртебесін растайтын құжат;
ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстарымен отбасылардың жастарына – табыстары туралы анықтамалар".
2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | В. Полешко |
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі"мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Л. Сидорова
"Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ З. Фадеева