Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 52 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 наурызда № 9-4-138 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 05.01.2010 № 1 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 142 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем түрлері;
      2-қосымшаға сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргiзiлсiн.
      3. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган "Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталсын (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      4. Әлеуметтік көмектің барлық түрін төлеу уәкілетті орган ұсынған тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырады.
      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.
      Қала әкімі В. Полешко

  Лисаков қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 52 қаулысына 1-қосымша

Жергілікті бюджеттен әлеуметтік
төлем түрлері

      1. Кедейшілік шегінен төмен тұратын тұлғаларға көмекші шаруашылықты ұйымдастыруға арналған біржолғы әлеуметтік көмек саяжай кезеңінің басталуына қарай учаскені жырту, суару және тұқым қорының құнын өтейтін мөлшерде көрсетіледі.
      2. Кедейшілік шегінен төмен тұратын тұлғаларға жер учаскесіне жол жүруге шығыстарды өтеу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың 15 мамырынан 15 қыркүйекке дейін айына төрт рет жол жүру ақысын өтейтін мөлшерде көрсетіледі.
      3. Ағымдағы жылы жалпы орта білім мекемелерін бітірген түлектердің қатарынан студенттерге біржолғы әлеуметтік көмек оқу орындарының оқушылар туралы тізімдері негізінде жалпы орта және негізгі орта білім мекемелерін бітірген, үздік бағамен негізгі жалпы білім туралы куәлік алған, "Алтын белгі" және үздік бағамен жалпы орта білім туралы аттестат алған және оған үміткер болған, бірақ оларды растамай алмаған, бірыңғай ұлттық тестілеуде "4" пен "5" алған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және балалық шағынан мүгедектерге көрсетіледі.
      Біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерін әр нақтылы жағдайда комиссия анықтайды, бірақ тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген он бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      4. Мүгедек студенттерге Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқу ақысының құнын өтеу үшін ағымдағы жылы оқу кезеңінде оқудың құны мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі (І, ІІ жарты жылдық).
      5. Туберкулезбен ауыратын адамдарға амбулаториялық емделу кезеңіне қосымша тамақтануға арналған біржолғы әлеуметтік көмек амбулаториялық емдеуде болу туралы растайтын құжаттың негізінде "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      6. Мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруге байланысты шығыстарды өтеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне есеп айырысу құжаттарының негізінде отбасының табысына қарамастан тексерілу құны мөлшерінде көрсетіледі.
      7. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыз азаматтарды және туберкулезбен ауырған азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген он есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек, егер бала қайтыс болған күні ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, оларға тағайындалады.
      Қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды және туберкулезбен ауырған азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне, не болмаса оны жерлеген басқа адамдарға көрсетіледі.
      8. Мүгедектерге жедел қол сұғуға арналған біржолғы әлеуметтік көмек медициналық мекемелердің қорытындысы бойынша жедел қол сұғуға мұқтаж болған мүгедектерге көрсетіледі.
      Біржолғы әлеуметтік көмек мөлшерін әрбір нақтыланған жағдайда комиссия анықтайды, бірақ тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген он бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      9. Құжаттауға арналған біржолғы әлеуметтік көмек халықтың нысаналы топтарына жататын және жеке басын куәландыратын құжатсыз қалған жағдайда адамдарға тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      10. Бірінші және екінші топтағы көзі көрмейтін мүгедектерге арналған біржолғы әлеуметтік көмек тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      11. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің жылдығын тойлауға байланысты біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарына олардың мәртебесін растайтын құжаттың негізінде тағайындалады.
      Азаматтардың санаттарын және біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін комиссия анықтайды, бірақ тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      12. Қатты отын сатып алуға арналған біржолғы әлеуметтік көмек Октябрь кентінің және Красногор селосының орталықтан жылытпайтын тұрғын үйлерде жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген бес есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      13. Біржолғы әлеуметтік көмек республикалық және жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері" атағына ие болған адамдарға отыз мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      14. Монша мен шаштараз қызметтеріне арналған ай сайынғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз пайыз мөлшерінде көрсетіледі.
      Әлеуметтік көмектің аталмыш түрі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның Лисаков қаласының аумағынан тыс жерлерге тұрақты орынға көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады, төлемақы көрсетілген оқиғалар болған айдың келесі айынан бастап тоқтатылады.
      15. Азық-түлік себетінің құны ұлғаюына байланысты тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген бір жарым есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың ағымдағы кезеңіне көрсетіледі.
      16. Халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері қатарынан: оралмандардың, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың, жетім балалардың, олар жоғары медициналық немесе педагогикалық білім алуға байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстарымен отбасылардың жастарына біржолғы әлеуметтік көмек, мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, ағымдағы оқу жылына оқу құнының мөлшерінде жоғары кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдердің өзге түрлерін алушылары болып табылатын тұлғаларды қоспағанда.
      Ескерту. 1-қосымша 16-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009.05.05 № 270 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен .
      17. Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған біржолғы әлеуметтік көмек мүгедек балалардың ата-аналарына, бала асырап алушыларға, қорғаншыларға (қамқоршыларға) немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан мүгедектікті анықтау туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы негізінде екі мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      18. Біржолғы әлеуметтік көмек шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға (өрт, денсаулықтың қиын жағдайы және өзге де күтілмеген жағдайлар) әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігін растайтын құжаттың негізінде төленеді (дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, медициналық мекеменің қорытындысы, өрт инспекциясының анықтамасы).
      Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін әрбір нақтыланған жағдайда комиссия анықтайды, бірақ тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген отыз есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      19. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия қабылдайды.

  Лисаков қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтардағы № 52
қаулысына 2-қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш жасаған адамның өтініші, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      Бұдан басқа:
      1) жалпы орта білім мекемелерін ағымдағы жылы бітірген түлектердің қатарынан студенттерге біржолғы әлеуметтік көмекке:
      жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және балалық шағынан мүгедектерге - мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын және оқу жылына оқу үшін төлемақы мөлшерін растайтын құжат;
      2) мүгедек студенттерге Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқудың төлемақы құнын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмекке:
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      оқу орнын және ағымдағы оқу жылына оқуға төлемақы мөлшерін растайтын құжат (І, ІІ жарты жылдық);
      3) туберкулезбен ауыратын адамдардың амбулаториялық тексерілу кезеңінде қосымша тамақтануға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      амбулаториялық тексерістен өткенін растайтын емдеу мекемесінің анықтамасы;
      4) мүгедек балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне байланысты шығыстарды өтеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      баланы компьютерлік томографта тексеруге емдеу мекемесінің жолдамасы;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының баланың мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      тексеру үшін қолма-қол төлеп есеп айырысу туралы куәландыратын кассалық чек;
      5) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды, жұмыссыз азаматтарды және туберкулезбен ауыратын азаматтарды жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
      қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан берілген анықтама;
      туберкулезбен ауырған азаматтар үшін қайтыс болған сәтінде амбулаториялық немесе стационарлық емделгенін растайтын емдеу мекемесінің анықтамасы;
      6) мүгедектерге жедел қол сұғуға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      мүгедек бала үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      жедел қол сұғу қажеттігі туралы анықтама;
      7) бірінші және екінші топтағы көзі көрмейтін мүгедектерге арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы көзі көрмейтін ауру туралы белгісі бар анықтамасының көшірмесі, белгі болмаған жағдайда–көзі көрмеу бойынша мүгедектікті растайтын құжатың көшірмесі;
      8) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдығын тойлауға байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмекке:
      мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      9) республикалық және жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері" атағына ие болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмекке:
      атағын растайтын құжаттың көшірмесі;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша мен шаштараз қызметтеріне арналған ай сайынғы әлеуметтік көмекке:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері куәлігінің көшірмесі;
      11) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктері қатарынан жастарға біржолғы әлеуметтік көмекке:
      оқу орнын және оқу жылының аталған семестрінде оқуға төлемақының мөлшерін растайтын құжат;
      оралмандарға, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың балаларына, жетім балаларға – мәртебесін растайтын құжат;
      ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстарымен отбасылардың жастарына – табыстары туралы анықтамалар;
      12) Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      13) шұғыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға арналған біржолғы әлеуметтік көмекке:
      әлеуметтік көмек көрсету қажеттігін растайтын құжат болып табылады.
      Ескерту. 2-қосымша 1-тармақ 11) тармақша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009.05.05 № 270 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен .
      2. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері расталып, іске тіркеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады