Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджетi туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 142 шешiмiн iске асыру" Лисаков қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес, сондай-ақ бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында Лисаков қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері үшiн тегiн тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-135 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
"толық емес отбасылардың балалары" деген сөздер "жан басына шаққандағы орташа табысы азық түлік себетінің құнынан төмен отбасыларының балалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | В. Полешко |
КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы әкімдігінің
білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
_______________ Е. Бурдыка
"Лисаков қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Л. Сидорова
"Лисаков қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ Г. Ткалич
"Лисаков қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
_______________ Н. Турлубекова