Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Лисаков қаласының 2009 жылға арналған бюджетi туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 142 шешiмiн iске асыру" Лисаков қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қаланың мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттары тегін тамақтандырылсын:
кедейшілік шегінде тұратын отбасылардың балалары;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
жан басына шаққандағы орташа табысы азық түлік себетінің құнынан төмен отбасыларының балалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009.07.28 № 402 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
2. "Лисаков қаласының бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мектеп жасына дейiнгi балалардың ұйымдарында ата-аналарына немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдарында орны бар бір жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларға "Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің анықтамалары және баланың мәртебесін растайтын құжаттар негiзiнде тегiн тамақтандыруға жолдама берсін.
3. "Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi", "Лисаков қаласының бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемелері берілген жолдамаларды есепке алсын.
4. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының бюджетін қалыптастыру кезінде тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға қаражат бөлсін.
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.
Лисаков қаласының әкімі | В. Полешко |