Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.04.2010 № 04-10/234 хаты).
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 "Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9-7-90 тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында "Әулиекөл" газетінде жарияланған):
басында және 1-тармақта "бекітуде" және "бекітілсін" сөздері "белгілеуде" және "белгіленсін" сөздерімен алмастырылсын;
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың тiзбесi 15-тармақпен "жұмыс берушінің – заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуына байланысты босаған тұлғалар" толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл
ауданының әкімі Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Оспанов Сұлтанғали Әлмағамбетұлы