Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін белгілеуде туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда 2009 жылғы № 9-7-90 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 04-10/234 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.04.2010 № 04-10/234 хаты).

      Ескерту. Тақырып өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009.07.23 № 183 (қолданысқа енгізу тәртібін т.4 қараңыз) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 57-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн нысаналы топтарға енетiн тұрғындардың ұсынылып отырған тiзбесi белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009.07.23 № 183 (қолданысқа енгізу тәртібін т.4 қараңыз) қаулысымен.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (Оспанов С.Ә. – келiсiм бойынша) тұрғындардың нысаналы топтарына енетiн адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Әулиекөл ауданының әкiмдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 23 "Әулиекөл ауданында 2008 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" (тiркеу № 9-7-67, "Әулиекөл" газетiнiң 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ

БЕКIТІЛДІ            
әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтарда 
№ 6 қаулысымен          

Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн
нысаналы топтарға енетiн адамдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009.07.23 № 183 (қолданысқа енгізу тәртібін т.4 қараңыз); 2009.10.15 № 272 (қолданысқа енгізу тәртібін т.2 қараңыз) қаулыларымен.

      1. Аз қамтамасыз етілген.
      2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
      3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi     деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айрылу және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби бiлiм мекемелерінің түлектері.
      12. Оқу бітіргеннен кейін жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыспен қамтылмаған жастар.
      13. Толық емес отбасылардың табысы тұрмыс деңгейінен төмен жұмыссыз тұлғалары.
      14. Ұзақ уақыт жұмыс істемеушілер.
      15. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуына байланысты босаған тұлғалар.
      16. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады