Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 06.08.2014 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2014 бастап туындайтын қатынастарға таратады).
Ескерту. Тақырыбы өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 31.10.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 31.10.2013 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының төрайымы С. Қыстаубаева
Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Рақымжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
К. Нұржанова