Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 19.01.2016 № 424 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-11-92 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Новый путь – Бозторғай" газетінде жарияланған);
мәслихаттың 2013 жылғы 31 қазандағы № 155 "Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4304 тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таратады.
Сессия төрағасы А. Ахметжанов
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы Б. Рахимжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ К. Нұржанова