Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2013 жылғы 31 қазандағы № 155 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада № 4304 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 227 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 06.08.2014 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2014 бастап туындайтын қатынастарға таратады).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 138 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-11-92 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Новый путь - Бозторғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1–тармағында "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттын кезектен
      тыс сессияның төрайымы                     Л. Федорова

      Қамысты аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Рахимжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қамысты ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ К. Нұржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады