Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабы 1 тармағының 1-3), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы", 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 107 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" қаулыларына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде 2009 жылғы 5 ақпандағы № 9-12-91 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы № 6 "Айна" аудандық газетінде жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырыслын:
"Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімін уәкілетті орган анықталсын".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі Ф. Филиппов