Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда № 9-12-91 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 1-3)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы", 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 107 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Регламентін бекіту туралы" қаулыларына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жерлеуге әлеуметтік көмек;
      туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарға амбулаториялық емдеу мерзімінде қосымша тамақтандыруға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тиісті жылға арналған біржолғы жылдық әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне қарсы екі мың теңге мөлшерінде және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдік және кепілдеме бойынша теңелінген тұлғаларға бір мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      Қарттар күніне қарсы бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде үш мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде үш мың теңге мөлшерінде айлық әлеуметтік көмек;
      Республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге, Қарабалық ауданының құрметті азаматтарына, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жұмыскерлеріне (салалар бойынша) отыз мың теңге мөлшерінде бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      аз қамтылған азаматтарға, азықты корзинаның тоқсанына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мөлшері өсуіне байланысты табысы аз азаматтарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушыларына әлеуметтік көмегінің қосымша түрі;
      "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген аз қамтылған азаматтарға бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде 1 дейін есептік көрсеткіш мөлшерінде құжаттаманы жүргізуге әлеуметтік көмек;
      18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен көрсетуге байланысты шығынды өтеу жөніндегі есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде тексеру құнының 100 пайыз мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес еселеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көз көрмейтін мүгедектерге, орта жалпы білім алу үшін арнай типтігі білім беру ұйымдарда оқып жатқандарға біржолғы әлеуметтік көмек;
      мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға және 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде бір мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      Қостанай облысының оңалту орталығында сауықтырудан өткен мүгедектерге бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күн мерейтойларына (80, 85, 90, 95 жас) бес мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі;
      Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі балдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне Қарабалық ауданы әкімінің жанындағы жастар істері бойынша Кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқитын студенттерге оқуға байланысты шығынды өтеуге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде әлеуметтік көмек;
      Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандары бойынша оқуға байланысты шығынды өтеуге білім беру жөніндегі орталық атқарушы органмен жыл сайын белгіленетін кешенді тестілеуде ең төменгі баллдар санынан аз емес балл жинаған, мемлекеттік білім грантын алалмаған жалпы орта және арнайы орта білім ұйымдарының түлектеріне Қарабалық ауданы әкімінің жанындағы жастар істері бойынша Кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында педагогигалық мамандары бойынша оқитын студенттерге оқуға байланысты шығынды өтеуге білімдік қызмет көрсету келісім шарттарының негізінде әлеуметтік көмек;
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында медициналық мамандары бойынша оқуды бітірген түлектерге Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің шешімі бойынша екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қосымша түрі, оның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедек-балаларға білім беру қызметін көрсету шартының негізінде оқудың нақты құнының толық мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009.09.07 № 242 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) анықталсын.
      Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімін уәкілетті орган анықталсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009.03.02 № 49 (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейі банктер немесе банктын операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен өкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
      4. "Жергілікті, өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландыруы іске асырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады