Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009.09.30 № 197 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы 36 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық Департаментінің Қарабалық ауданы бойынша салық басқармасының" 2009 жылғы 23 шілдедегі 39-07-ЦПОИ-03/3274 хатының негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметі дүркін-дүркін сипаттама болып, жеке тұлғалар үшін Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарларды өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін Қарабалық ауданының базарларында (бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғызыншы
сессия төрағасы Г. Ягодин
Аудандық
мәслихатының хатшысы А. Төлебаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаментінің Қарабалық ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
____________________ А. Жүрсиналин
2009.07.29 ж.
Мәслихаттың
2009 жылғы 29 шілдедегі
№ 173 шешіміне 1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипаттама болып,
жеке тұлғалар үшін Қарабалық ауданының базарларында
(бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны
Реттік нөмір | Кәсіпкерлік қызметтің түрі | күніне бір сауда орнына біржолғы талонның құны (теңге) | |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
базарда | базардан тыс | ||
1. |
Cату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда): |
||
1) |
газеттер мен журналдар |
65 |
65 |
2) |
тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
65 |
65 |
3) |
бақша дақылдары |
142 |
142 |
4) |
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді |
65 |
65 |
5) |
қосалқы ауыл шаруашылық өнімдерін |
78 |
78 |
6) |
бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін |
70 |
70 |
7) |
жануарлар мен құстардың жемдерін |
75 |
75 |
8) |
сыпыртқылар, сыпырғылар |
65 |
65 |
9) |
орман жидегін |
65 |
65 |
10) |
бал |
70 |
70 |
11) |
саңырауқұлақ |
65 |
65 |
12) |
балық |
65 |
65 |
2. |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін |
350 |
|
3. |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
156 |
Мәслихаттың
2009 жылғы 29 шілдедегі
№ 173 шешіміне 2 қосымша
Дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы
(оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарларды өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар үшін Қарабалық ауданының базарларында
(бір күнгі сауда үшін) біржолғы талонның құны
Реттік нөмір | Базар және тауардың атауы | Тауарларды іске асырушылар тобы | базардағы сауда орны | күніне бір сауда орнына біржолғы талонның құны (теңге) |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
"Максим" сауда базары |
Өнеркәсіптік тауарлар |
Сөре |
65 |
Азық-түлік тауарлар |
Сөре |
130 |
||
Шаруашылық тауарлар |
Сөре |
104 |
||
Ет және ет өнімдері |
Сөре |
195 |
||
Бұрын қолданылған тауарлар |
Сөре |
65 |
||
Қосалқы бөлшектер |
Сөре |
52 |
||
Үй жануарлары |
Сөре |
207 |